12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні

    "12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күніне" орай М. Өтемісов атындағы БҚУ-да 81 - ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
    Іс-шара жетістіктері еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Осы конференция аясында университеттің ПОҚ ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін “ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
    Бұл жетістіктер одан әрі ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерге түрткі болсын. Баршаңызды ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз және біздің университеттің және жалпы ғылымның дамуына қосқан үлесіңіз үшін әрқайсыңызға терең ризашылығымызды білдіреміз!

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз