«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ-мы жаңадан салынып жатырған жатақхананың бірінші қабатынан буфет пен дәріхана үшін жылжымайтын объектілерді мүліктік жалдауға беру жариялайды.
Мекен жайы: Орал қаласы, Студенческая көшесі, 2/2.
Жалға берілетін буфеттің жалпы ауданы 93,86 ш.м. Жылыту, кәріз, электр-жарығымен, сумен жабдықталған, бағасы 300 000 тенге;
Жалға берілетін дәріхананың жалпы ауданы 59,86 ш.м. Жылыту, кәріз, электр-жарығымен, сумен жабдықталған, бағасы 255 000 тенге;
Буфет пен дәріханаға керек қажетті жабдықтар жалға алушының есебінен сатып алынады.
Жалға беру объектілері ағымдағы жылдың 4-тоқсанында тапсырылуына байланысты, объектіні қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін келісім шарт жасалады.
Жалға алушыларға қойылатын талаптар:
- Соңғы жылдағы құқық бұзушылықтың жоқтығы туралы анықтама (кәсіпкер үшін);
- Жалға алушы мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың тізілімінде енгізілмеуі керек;
- Жалға алу уақыт кезеңінде мүліктің жағдайын жақсы сақталуын қамтамасыз ету;
- Буфетті жалға алушының қызмет түрі қоғамдық тамақтандыруға сәйкес болуы керек.Тамақтандыру үшін буфет ретінде пайдалану (студенттер, университет қызметкерлері);
- Буфетті жалға алушы басшылықтың келісімінсіз жалға алынған нысанда қала халқына және ұйымдарға мерекелік іс-шараларды, естелік кештерді өткізу және басқа да қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық тамақтандыру саласында қосымша қызмет көрсетпеуге;
- Дәріхана жалға алу үшін, фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы және т.б. құжаттар болуы тиіс;
- Объект қосалқы жалдау құқығынсыз жалға беріледі;
- Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ережелеріне сәйкес Санитарлық-эпидемиологиялық қортындының болуы міндетті (тұтынушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді).
Құжаттар осы мекенжайлар бойынша, жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдананды: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев данғылы, 162, қызмет бөлме 129, немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Ақпарат үшін 8775-490-40-42 нөміріне хабарласуға болады.