2024 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған IV Международная студенческая научно-практическая конференция «Историческая память и вызовы современности» өтті. Конференция Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласындағы М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің Тарих, құқық және әлеуметтік-гуманитарлық білім институты базасында ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына «6В01601-Тарих» және «6В02202-Тарих, архив ісі және мұражайтану» білім беру бағдарламаларының студенттері — Преснов Алексей, Сюнтиева Карина және Алтынбеков Алихан қатысты. Преснов Алексей пен Сюнтиева Карина «Западный Казахстан – ближний тыл Сталинградского фронта» тақырыбында баяндама жасап, «Регионы в годы Великой Отечественной войны» секциясында сөз сөйледі. Конференция қорытындысы бойынша студенттер II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Алтынбеков Алихан «Память о Великой Отечественной войне в Казахстане» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сдыков болды. Ол I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студенттердің баяндамалары негізінде дайындалған ғылыми мақалалар конференция жинағына енгізіліп, 2025 жылы Ресейдің ғылыми дәйексөздер индексі (РИНЦ) базасында жарияланатын болады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Батыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы ролі туралы дәріс өткізілді
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, сондай-ақ ғылыми жоба шеңберінде, тарих, экономика және құқық факультетінің базасында Қазақстан мен Батыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы тақырыбында тақырыптық мини-дәріс өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы Жалекенова Г.Т.
Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұрпақтың ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Дәріс барысында студенттерге қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі мен соғыс жылдарында Батыс Қазақстанның майдан шебіне жақын тыл аймағы ретіндегі маңызы туралы мұрағаттық материалдар мен тарихи деректер ұсынылды.
Ерлікке толы тарихи беттерге, әйелдер мен жастардың тылдағы еңбегіне, Батыс Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындарының эвакуациясы мен тыл аймақтарының көмегіне ерекше назар аударылды. Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың тарихи білімдерін кеңейтуге және азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар тарихи жадыны сақтауға ғана емес, сонымен қатар әскери оқиғалардың ұлттық өзіндік сана мен тарихи сабақтастықты қалыптастырудағы маңызын ұғынуға септігін тигізеді.
2025 жылғы 18 сәуірде Волгоград мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы, Волгоград қаласы) ұйымдастыруымен, «Военная история России: проблемы, поиски, решения» атты VII халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Аталған конференцияға «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасының студенті Алтынбеков Алихан Алтынбекұлы қатысып, «Место и роль Казахстана в военной стратегии Советской России: от мобилизации до Победы» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі – Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы Жалекенова Г.Т.
Баяндаманың негізінде дайындалған ғылыми мақала конференция жинағына енгізіліп, жариялануға ұсынылды.
Студентті халықаралық ғылыми іс-шараға табысты қатысуымен құттықтаймыз және алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен ғылыми жетістіктер тілейміз!