ЖТН AP08856195 Жоба тақырыбының атауы «Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық (Батыс Қазақстан аймағы ақын-жазушыларының шығармашылығы негізінде)»

    Өзектілігі

    Қоғамдық өмірдегі оң өзгерістер, ұлттық құндылықтарға назар аудару мәселесі, рухани жаңғыруға бетбұрыс ықпалы – сөз өнерінің ғылыми зерттелісіне жаңаша қажеттілік тудырып отыр. Қазақтың көркем әдебиеті – қазақ ұлтының рухани мәдениетінің біртұтас жүйесі боп есептеледі. Ал оның негізгі қабатын Аймақ әдебиеті құрайтыны анық. Яки, әдеби аймақтануды зерттеу арқылы, Аймақ әдебиетін насихаттау, дәріптеу нәтижесінде қазақтың біртұтас, бөлінбес көркем әдебиетінің тарихы қалыптасады. Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның Шығысы мен Батысы, Оңтүстігі мен Солтүстігі болатын болса, осындай жағырапиялық ендіктерге сай бірін-бірі толықтырып отыратын қазақтың бай мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар.

    Қазақтың көнеден келе жатқан рухани құндылықтарының тарихы, жеке ұлтқа тән табиғи ерекшеліктері оның сөз өнерінен, яки көркем әдебиетінен танылады десек, оның бұлжымас бір бөлшегі аймақ, өңір әдебиетінен жинақталып, құралады. Қазіргі әдебиеттің даму тарихында негізгі мәселенің бірі – шығармада баяндалатын оқиғалардың, кейіпкерлер мен олардың мекен-тұрағының ерекшеліктеріне де байланысты боп келеді. Өйткені кең байтақ Отанымыздың әр аймағының, әр өңірінің өзіне тән дербес ерекшеліктері бар. Мәселен, сан алуан колоритке боялған әдет-ғұрып, салт-дәстүр жоралғылары әр аймақта өзіндік сипатқа ие. Ұлттық құндылықтардың үздік үлгілері мен халықтық тәрбиенің сан қилы озық, таңдаулы көріністері де аймақтан, өңірден бастау алады. Қазіргі қазақ әдебиетінің поэтикасын зерттеп-тексеруде белгілі бір аймақтың көркем картинасын көз алдымызға әкелетін, әсем галереясын ұсынатын суреткердің – яғни, сол өңірден шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын тексеру – қажеттілік. Аймақ ақын-жазушыларының шығармашылығына кешенді зерттеу жүргізу – қазіргі ұлт әдебиеттану ғылымының өзекті мәселесі боп табылады.

    Жоба мақсаты:

    Батыс Қазақстан аймағы ақын-жазушыларының ХХ-ХХІ ғ.б. жарияланған шығармаларын зерттеу нысанына алу, қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасының дәстүр және жаңашылдық қырларын айқындау. Зерттеу нәтижелерін «Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық (Батыс Қазақстан аймағы ақын-жазушыларының шығармашылығы негізінде)» аталатын монографияға (екі кітап) айналдыру, хрестоматиялар (екі кітап) құрастыру.

    Күтілетін нәтижелер:

    Жобаның алға қойған мақсат-міндетіне сай белгіленген 27 ай (2020-2022) мерзімі ішінде 40-тан астам автордың шығармашылық айдынына барлау жүргізіліп, әдеби аймақ материалдарының маңыздылығы айқындалады. Қазақ әдебиеттану ғылымының жетілу, даму көкжиегі аймақ ақын-жазушыларының ізденістері аясында тексеріліп, назардан тыс қалған қаламгерлердің шығармашылық зертханасына барлау жүргізу нәтижесінде зерделенетін болады. Қазақстанның Батыс аймағының (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Орал өңірі) ақын-жазушылары шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері айқындалады, жанрлық-стильдік, идеялық-көркемдік, дәстүр және жаңашылдық ізденістері белгіленеді. Ғылыми жоба зерттеулері қорытындысын бойынша межеленген уақыт аралығында «Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық (Батыс Қазақстан аймағы ақын-жазушыларының шығармашылығы негізінде)» аталатын 2 (екі) кітаптан тұратын ғылыми монография және қаламгерлердің үздік туындыларынан құрастырылып, жасақталған 2 (екі) кітаптан тұратын хрестоматия жарық көреді. Зерттеу нәтижесінің негізінде Батыс аймақтың ақын-жазушыларының әдеби мұраларын насихаттау мақсатында жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына, жоо студенттеріне элективтік курс енгізіледі, оқу бағдарламасы жасақталады.

    Жоба шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелері Scopus базасында citescore бойынша 35 (отыз бес) кем емес процентиль бар жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымда – 1 (бір) мақала түрінде жарияланатын болады.

    Қол жеткізген нәтижелер:

    Қазақстанның Батыс аймағының (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Орал өңірі) ақын-жазушылары шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері айқындалды, жанрлық-стильдік, идеялық-көркемдік, дәстүр және жаңашылдық ізденістері сараланды.

    Ахмет Ғұбайдолла (1873-1951), Ғабдулғазиз Мұсағалиев (1880-1933), Молданияз Бекімов (1880-қайтыс болған жылы белгісіз), Рахметжан Малабаев (1884-1961), Нұғыман Манаев (1894-1942), Ахмет Маметов (1895-1938), Әбу Сәрсенбаевтың (1895-1938) әдеби шығармалары жинақталып, талдау жүргізілді. Ғабдол Сланов (1911-1969), Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983), Табыл Құлыяс (1935), Мағзома Сүндетов (1936-1999), Хамит Ерғалиев (1916-1997), Тахауи Ахтанов (1923-1994), Қуандық Шаңғытбаев (1925-2001), Бәкір Тәжібаев (1926-1994), Сәбит Әбішұлы (1938), Әбіш Кекілбаев (1939-2015), Фариза Оңғарсынова (1939-2014), Есенбай Дүйсенбайұлы (1940-2011), Сайын Назарбек (1941), Қажығали Мұханбетқалиұлы (1942), Аманқос Ершуов (1943) сынды ақын-жазушылардың әдеби мұралары жинақталып, талданып, зерделенді. Материалды жинақтау, ғылыми талдау және ғылыми зерттеулер нәтижелерін ресімдеу бойынша жұмыстар аяқталды және CiteScore бойынша кемінде 35 Процентильмен Scopus базасына кіретін басылымдарда 1 мақала жарияланды.

    «Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр мен жаңашылдық (Батыс Қазақстан өңірінің ақын-жазушыларының шығармашылығы негізінде)» (1-кітап) атты монография мен хрестоматия жарық көрді.

    1. З.Ж. Мүтиев, А.А. Ақболатов, Ж.Ө. Мұханбетова. «Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық» (Батыс Қазақстан аймағы ақын-жазушыларының шығармашылығы негізінде.): 1-кітап. Монография. - Орал: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 2021. - Орал: Шұғыла-Принт, 2021. - 430 б. ISBN 978-601-266-512-3

    2. З.Ж. Мүтиев, А.А. Ақболатов, Ж.Ө. Мұханбетова. «Қазіргі қазақ әдебиеті поэтикасы: дәстүр және жаңашылдық» (Батыс Қазақстан аймағы ақын-жазушыларының шығармашылығы негізінде.): 1-кітап. Оқу хрестоматиясы. - Орал: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 2021. - Орал: Шұғыла-Принт, 2021. – 450 б. ISBN 978-601-266-511-6

    Ғылыми зерттеу тобының құрамы:

    1. Мутиев Зинулла Жақсылықұлы - жобаның ғылыми жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор,

    Scopus Author ID, (https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57205246447).

    Researcher ID, (ABE-6699-2021)

    ORCID (http://orcid.org/0000-0003-4121-4171 )

    Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    2. Бейсенова Гулшара Абдибековна - бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты.

    Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    3. Акбулатов Айдарбек Ахметович - жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD).

    Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    4. Ажгалиев Марат Кайржанович - жетекші ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты.

    Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    5. Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы - аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі.

    Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    6. Айтжанова Гүлнұр Темірбекқызы - аға ғылыми қызметкер, гуманитарлық ғылымдардың магистрі

    Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

    Жарияланымдар:

    1. Zinulla Zh. MUTIYEV , Murat B. SABYR , Marat K. AZHGALIYEV, Aigul A. RAMANOVA , Ganmirkun G. TURGANALIEVA. «POETIC AND LINGUISTIC FEATURES OF POETRY OF ZHUBAN MOLDAGALIEV» // ASTRA Salvensis, no. 1/2021. Pages 105-119. (Процентиль-98.Q1)

    2. Мутиев З.Ж., Акбулатов А.А., Муханбетова Ж.У. Поэзия Куандыка Шангытбаева: тематические мотивы, гражданский пафос // Современные гуманитарные исследования. - № 3, - 2021 г. – (C.19-22).

    3. Мүтиев З.Ж., Бейсенова Г.А., Мұханбетова Ж.Ө. Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық // Актуальные научные исследования в современном мире. – Выпуск 9(77), часть 4, - 2021 г. – (С.99-104).

    4. Мүтиев З.Ж., Бейсенова Г.А. Әдеби аймақтану: ақтаңдақ жылдар сырлары // БҚУ Хабаршысы. – 2020. - №3. – (Б. 96-103).

    5. Мутиев З.Ж., Ажгалиев М.К., Муханбетова Ж.У. Реалии современности и отражение эпохи в прозе Абу Сарсенбаева. Актуальные проблемы современной науки. – Москва: Спутник+ №4(121), 2021. – 143 с. (С.37-41).

    6. Мүтиев З.Ж., Мұханбетова Ж.Ө. Батырболат Айтболатұлы поэзиясы: ақындық өнер, көркемдік келбет // профессор Ахметов Әділ Құрманжанұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттық өркениет: білім, ғылым, ақыл-ой интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция материалдарының жинағы. - Алматы: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, 2021. – 350 б. (Б.306-311).

    7. Мүтиев З.Ж., Ешниязова М.Ж. Мира Шүйіншәлиева шығармалары және «толық адам» концепциясы // профессор Ахметов Әділ Құрманжанұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттық өркениет: білім, ғылым, ақыл-ой интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция материалдарының жинағы. - Алматы: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, 2021. – 350 б. (Б.333-336).

    8. Мүтиев З.Ж., Мұханбетова Ж.Ө. Оралбай Сату поэзиясы: тақырыптық сарын, көркемдік ізденіс // Исаев оқулары халықаралық онлайн конференция материалдарының жинағы. – Алматы: ҚазҰлтҚызПУ, 2021. – 310 б. (Б.126-130).

    9. Мүтиев З.Ж., Еслям А. Қажым Жұмалиевтің әдеби және ғылыми шығармашылығы // Исаев оқулары халықаралық онлайн конференция материалдарының жинағы. – Алматы: ҚазҰлтҚызПУ, 2021. – 310 б. (Б.130-133).

    10. Мүтиев З.Ж., Мұханбетова Ж.Ө., Айтжанова Г.Т. Шолпан Қыдырниязова – туған жер, салт-дәстүр жыршысы // Исаев оқулары халықаралық онлайн конференция материалдарының жинағы. – Алматы: ҚазҰлтҚызПУ, 2021. – 310 б. (Б.205-209).

    11. Мүтиев З.Ж., Акбулатов А. Шүйіншалиева «Служак» әңгімесінің көркемдік табиғаты, типологиялық талдау // Ўзбек миллий ва таълимий корпусларини яратишнинг назарий ва амалий масалалари / Халқаро илмий-амалий конференция материаллари. 2021 йил 7 май. Электрон нашр / ebook. ‒ Тошкент: ТошДЎТАУ, 2021. ‒ 330 б. (Б.261-264).

    12. Мүтиев З.Ж., Галимова А. Рахымжан Отарбаев әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы, кейіпкерлер әлемі // Исаев оқулары халықаралық онлайн конференция материалдарының жинағы. – Алматы: ҚазҰлтҚызПУ, 2021. – 310 б. (Б.159-163).

    13. Мүтиев З.Ж., Акбулатов А.А. М.Балмолда шығармашылығындағы ұлттық дүниетаным құндылықтарының көркемдік шешімі. «Дискурс теориясының өзекті мәселелері» халықаралық онлайн ғылыми конференция материалдарының жинағы. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті баспа орталығы. 2021. – 370 б. (Б. 360-366).

    14. Ажгалиев М.К., Мұханбетова Ж.Ө. Айбатыр Сейтақ поэзиясы, тақырыптық, көркемдік ізденістер // Этноисторические, правовые и культурно-языковые основания бытия современного человека: материалы Международной научно-практической конференции. – Уфа: РИЦ БашГУ, 2021. – 440 с. (С. 22-31).

    15. Мүтиев З.Ж., Мұханбетова Ж.Ө., Юсупова А.И. Закария Сисенғали поэзиясы: талант тұлғасы, ақындық даралық. «Жаһандану заманындағы ғылым мен білім: ХХІ ғасыр талаптары» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдарының жинағы. – Нұр-Сұлтан: «Daraboz Education» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, 2021. - 203 бет. (Б. 62-67).

    16. Мүтиев З.Ж., Мұханбетова Ж.Ө., Казкенова Г.У. Фариза Оңғарсынова поэзиясы: көркемдік ерекшеліктері. «Жаһандану заманындағы ғылым мен білім: ХХІ ғасыр талаптары» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдарының жинағы. – Нұр-Сұлтан: «Daraboz Education» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, 2021. №5 (1) - 141 бет. (Б. 15-22).

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз