Жоба тақырыбының атауы Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқыту
Ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер
1.3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеудің түрі. 8.1.2 Білім беру және лингвистика саласындағы өзекті мәселелер, қолданбалы зерттеулер.
Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның айлармен көрсетілген ұзақтығы 01.07.2022-30.12.2024, 30 ай.
Зерттеу өзектілігі. Қазақстанда дәстүрлі кәсіби білім беру формалары (күндізгі, кешкі, экстернат) «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес оздырылып келеді. Біздің елімізде сырттай оқу формасыy 2019 жылдан бастап қашықтан оқыту технологиясына көшіру қолға алынды. Қазақстандағы қашықтан білім беру жүйесінің барлық жетістіктері соңғы жылдардағы пандемия кезіндегі әлсіздігін танытты. Елімізде қашықтан оқыту бойынша эксперименттік зерттеулер кемдігі және рart-time оқытуды енгізідің керектігі байқалды. Соның салдарынан кәсіби білім беруді цифрандыру жағдайында қашықтан оқытуды жаңғырту немесе трансформациялау қажеттілігі туындап отыр.
Соңғы жылдары әлемде «ашық білім беру» моделі пайда бола бастады. Бұл модель әлемдік білімнің ашықтығы, адами таным үдерістері мен білімінен туындайды. Ұсынылатын жобада кәсіби білім беруді цифрандыру жағдайында «ашық білім беру кеңістігі» (АББК) арқылы full-time және part-time оқытуды жүзеге асырумен шешу көзделеді. Білім алушылардың әлеуметтік және еңбекпен қамтылу жағдайына байланысты АББК-де full-time оқудағы білім бағдарламасының толық көлемін part-time оқу арқылы меңгеруін қамтиды. Бұл зерттеудің негізгі идеясын анықтайды.
Зерттеу мақсаты: кез келген білім алушыға қолжетімді ашық білім беру кеңістігі жағдайында part-time оқытуды модельдеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін және программалық жасақтамасын әзірлеу.
Бұл «Цифрлық Қазақстан» және «Педагог мәртебесі» ҚР Заңдарын жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
- Рart-time оқыту мен кәсіби білім беруді цифрландырудың шетелдік және отандық тәжірибелерін талдау. Шетелдің жоғары оқу орындарындағы part-time оқыту, цифрландыру тәжірибелерін оқып үйренуді, зерттеуді, педагогикалық модельдеу мен әдістеме жасақтауға, программалық өнім әзірлеуге негіз болады.
- Қазақстанда қашықтан оқытуды кәсіби білім беру жүйесіне ендірудің қазіргі ахуалын бағалау. Қазақстандық жоғары оқу орындарында жүргізіліп жатқан қашықтан оқытудың жай күйін зерделеу көзделген мақсатқа жету жолын айқындауға мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту құралдарының жетістіктерін саралау «Педагог мәртебесі» туралы Заңға сәйкес мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдауды қамтамасыз ететіндігін дәлелдейді.
- Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы рart-time оқытуды модельдеу. «Ашық білім беру кеңістігі», «рart-time оқыту» ұғымдарының мәні ашылады. Зерттеу мақсатына сәйкес күтілетін нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін модель құрылады.
- Рart-time оқытуды ашық білім беру кеңістігі арқылы оздырудың педагогикалық қағидалары мен шарттарын айқындау. Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері теориялар мен зерттеу барысындағы басшылықққа алынатын қағидалармен айқындалады. Сол себепті педагогикалық қағидалар мен шарттар маңызды болмақ.
- Кәсіби білім алушыларды рart-time оқытуға арналған ашық білім беру кеңістігінің платформасын әзірлеу. ҚР БҒМ «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында: «жаппай ашық онлайн-курстардың онлайн-платформасы (бұдан әрі - ЖАОК ОП) - таңдалған онлайн-курстар бойынша қашықтықтан оқуға мүмкіндік беретін ашық онлайн-білім беру порталы» деп анықталады. Ашық білім беру кеңістігінде онлайн курстар және виртуалды зертхана, тестілер кітапханасы, веб конференция, онлайн тақта, т.б. жинақталады. Елімізде білімнің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін құрал ретінде жетекші мамандар бірлесе әзірлеген онлайн-курстарға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын білім беру платформасы болып табылады.
- Кәсіби білім алушыларды ашық білім беру кеңістігі арқылы рart-time оқытудың әдістемесін жасақтау. Цифрлық Қазақстанда әлемдік экономикалық кризис жағдайында ересектердің өндірістен қол үзбей оқуының, кәсіби біліктілігін жетілдіруінің маңызы зор екендігін ескеріп, рart-time оқытудың әдістемесі әзірленетін болады. Инклюзивті оқытудың проблемаларын (ресурсқа жеткілікті деңгейде қолжетімсіздік, онлайн оқуда уақыт шектеулігі, интернеттен ақпарат іздеуге уақыт кетірмеу, т.с.с.) шешудің нақты дидактикалық жолдары ұсынылады.
- Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ашық білім беру кеңістігі арқылы part-time оқытудың әдістемесін апробациядан өткізу. Зерттеу нәтижелерін апробациядан өткізу зерттеу жүргізілетін жоғары оқу орнынан өзге оқу орнында оздырылады. Ол жоба бойынша атқарылған қызметтердің құндылығын анықтауға немесе түзетулер енгізу бағыттарын бағдарлауға мүмкіндік береді. Зерттеу тақырыбы бойынша дайындалатын модельдің, әдістеменің және программалық платформаның тиімділігін көрсететін болады, яғни жұмыстың нәтижелілігін байқатады.
Күтілетін нәтижелер
- Қазақстанда part-time оқытуға бағдарланған ашық білім беру кеңістігінің құрылымы құрастырылады.
- Ашық білім беру кеңістігі жағдайында рart-time оқытудың авторлық педагогикалық моделі құрылады.
- Ашық білім беру жағдайында part-time оқытудағы сабақтастық және оқу материалдарын сұрыптау қағидалары мен авторлық әдістеме жасақталады.
- Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында ақпараттық нысандардың жүйелі интеграциясын қамтитын АББК құрылады.
- Ашық білім беру жағдайында part-time оқытудың авторлық моделі мен әдістемесі апробациядан өткізіледі.
- Жоба нәтижелері бойынша 1 монография дайындалады, нөлдік емес импакт-факторлы журналда 1 мақала, БҒСҚК тізіміне енген басылымда 2 мақала, халықаралық, республикалық конференция жинақтарында 2 мақала шығарылады, 3 авторлық куәлік/патент алынады.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаны іске асыру туралы қысқаша мәліметтер 2022 жыл
Тапсырманың шифры, кезеңдері |
Келісім шарт бойынша жұмыстардың атауы және олардың орындалуының негізгі кезеңдері |
Негізгі нәтижелер |
1 |
Рart-time оқыту мен кәсіби білім беруді цифрландырудың шетелдік және отандық тәжірибелерін талдау |
Шетелде кең таралған теориялық және практикалық тәжірибелер зерттелді. Шетелдік (Sue Jackson, Magda Rokicka, Silke Heuse,Вайнштейн Ю.В., Вайндорф-Сысоева М.Е., Строков А.А., Корбит П.А., Полупан К.Л.,) және отандық ғалымдардың (Кусайнов А.К., Шарипбай А.А., Балыкбаев Т.О., Нурбекова Ж.К., Тажигулова А.И., Артыкбаева Е.В., Нургалиева Г.К., т.б.) білім беруді цифрландыру бойынша ғылыми еңбектерінен деректер жинақталып, талданды. Зерттеу барысында «Қазіргі заманғы универитеттердің модельдері» тақырыбында мақала әзірленді және ол халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағына ұсынылды. Конференцияда мақала оқылып, талқыланды. |
1.1 |
Шетелдердегі маман даярлауда рart-time оқытуды жүзеге асыру тәжірибесін теориялық талдау |
Шетелдердегі part-time оқытуды қолданудың үздік тәсілдері мен практикасы оқып-үйренілді. АҚШ, Европа, Азия, Ресей елдерінде part-time оқытудың тәжірибелері зерттелді. Full-time және part-time оқыту форматтарына салыстырмалы талдау жасалып, ерекшеліктері мен айырмашылықтары талданды. Қарастырылған елдер тәжірибесінде part-time оқытудың (күндізгі-сырттай, сырттай, online, online-offline, аралас/гибридті) түрлі әдістемелері анықталды. |
1.2 |
Әлемнің жетекші елдеріндегі цифрлық білім берудің теориялық-тұжырымдамасы мен практикасына арналған іргелі еңбектер мен шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау, жүйелеу |
Цифрлық білім берудің шетелдік және отандық теориялық тұжырымдамасы мен практикасы талданып, заңдылықтары мен даму тенденциясы анықталды. Германия, Венгрия, Эстония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінің цифрлық стратегиялары (Digital strategy) мен Қазақстан Республикасының 2017 жылғы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №961 бұйрықпен бекітілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамалары» салыстырмалы талданып, талдау нәтижелері жүйеленді. |
1.3 |
Цифрлық білім беру арқылы рart-time оқытудың шетелдегі функционалдық практикасын, трансформациялау мен жаңғыртылуын педагогикалық зерттеу |
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасалып, жалпыланды. АҚШ-ның жоғары білім беруді цифрландыру тәжірибесінде сырттай оқу онлайн оқу мен ашық білім беруге трансформацияланғаны анықталды. Мұнда қашықтан оқыту сырттай оқудың сабақтасты жалғасы ретінде қабылданған (Л. Юань, С. Пауэлл). Сырттай оқуды ақпараттық технология арқылы қашықтан оқытуға трансформациялау нәтижесінде студенттер контингенті 1980 жылдары 300 мыңға жетіп, қазірге дейін бұл көрсеткіш үздіксіз өсіп отыр. Европа елдерінде Білім беруді цифрлық трансформациялау қызметтерінің жоспары» аясында рart-time оқытуды онлайн оқытумен, онлайн курстар әзірлеумен ұштасқаны, онлайн курстың құрылымы анықталды. Moodle, SCORM, Blackboard, Coursera, Лекториум, Stepik, т.б. платформалар құрылымы мен технологиясы зерделенді. |
1.4 |
Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында Қазақстандық рart-time оқытудың педагогикалық моделін құру |
Қазақстандық рart-time оқытудың педагогикалық моделі құрыла бастады. Зерттеу барысында ғылыми-әдістемелік еңбектерге сүйене отырып, қазақстандық рart-time оқытудың моделінің прототиптері жасақталды. Білім мазмұны, оқыту формасы, білім алушы мен оқытушы/жоғары оқу орны арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын «Part-time оқыту жүйесінің жалпы сұлбасы», «Part-time оқыту құрылымы», «Part-time оқытудағы кейс технологиясы» нұсқалар әзірленді. |
2.1 |
Қазақстандағы кәсіби білім беру жүйесіне қашықтан оқыту технологиясын жаңғырту бойынша ғылыми және аналитикалық талдау, есептік материалдарды жинау |
Қашықтан оқыту технологиясын трансформациялау ғылыми тұрғыдан талданды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында сырттай оқытуды қашықтан оқытуға трансформациялау тәжірибелері оқып-үйренілді. Соңғы жылдары қашықтан оқытуды оздырудың ережелері мен оны жүхеге асырудың практикасы жоғары оқу орындарының есептік материалдары бойынша талданды. «Distance Learning Activation in Higher Education» (European Journal of Contemporary Education. 2022. 11(3), E-ISSN 2305-6746 2022. 11(3): 831-845. DOI: 10.13187/ejced.2022.3.831) мақаласы әзірленіп, басылымда жарияланды. |
2022 жылға күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі
2022 жылға күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі |
Деректер базасы |
Медешова А.Б., Акимова С.М., Курмашева Д.Н. Қазіргі заманғы университеттердің модельдері.// "Білім және ғылым берудегі дәстүрлер мен инновациялар: тарих, қазіргі жағдай, перспективалар" атты ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы, Орал, БҚУ, 2022.-баспада |
Отандық басылымдар |
Aigul Medeshova Аkmaral Kassymova , Zhazira Mutalova, Gaukhar Kamalova Distance Learning Activation in Higher Education.//"European Journal of Contemporary Education," 2022,11(3), E-ISSN 2305-6746 2022. 11(3): 831-845. DOI: 10.13187/ejced.2022.3.831.процеентиль 78 |
Шетелдік жарияланымдар Scopus |