Солтүстік-шығыс Каспий маңының Алтын Орда дәуіріндегі тарихи географиясы

    Жобаның тақырыбы: АР19174780 «Солтүстік-шығыс Каспий маңының Алтын Орда дәуіріндегі тарихи географиясы»

    Өзектілік

    Бүгінде қазақ тарихын зерттеуде Алтын Орда тарихын, оның археологиялық ескерткіштерін толықтай зерттеу өзекті. Қазақ халқының этникалық қалыптасуы Алтын Орда заманынан бастау алуы бізге осы кезеңдегі материалдық мәдениетті, қала мен дала мәдениетінің отырықшылық замандағы үндесітігін археологиялық қазба жұмыстары арқылы зерттеуді қажет етеді. Алтын Орда ескерткіштері зерттеу ХХ ғасырдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Батыс Қазақстан өңірінде Сарайшық, Жайық, Жалпақтал, Ақтөбе-Лаэти секілді қала-жұрттары мен Тас-Кешу, Ұшқан, Қосқұдық, Көптам, Көше, Шұрық, Білеулі және т.б. керуен-сарайлары анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда осы зерттеу жұмыстарын жалғастыра отырып, Батыс Қазақстандағы Алтын Ордалық жаңа ескерткіштерді іздеу маңызды.

    Жобаның мақсаты [50 сөзден артық емес]

    Зерттеудің мақсаты – солтүстік-шығыс Каспий маңындағы Алтын Ордалық жаңа ескерткіштерді анықтау және зерттеу.

    Жобаның міндеттері [400 сөзден артық емес]

          Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:

    • Батыс Қазақстан облысы аумағында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізу;
    • Барлау жұмыстары нәтижесінде табылған ескерткіштерді шурфтық қазбалар салып, стратиграфиясын анықтау;
    • Ескерткіштердің тахеометрлік түсірілімі арқылы топографиялық орналасуын, цифрлық құрылғылар арқылы ортофотосызбасын, 3D бейнелеуін жасау;

    Атқарылған жұмыстар негізінде ғылыми мақалалар жариялау.

    Күтілетін нәтижелер:

    Алтын Орда мемлекеті өз заманындағы әлемдік билеуші саяси және экономикалық қуатты ел бола алды. Алтын Орда билеушілерінің жүргізген сауда-экономикалық саясаты Батыс пен Шығыс елдеріне тікелей әсер етті. Осындай үлкен сауда қарым-қатынастары орнатылған Алтын Орданың Жайық өңірі жаңа мәдени, рухани және сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды жүрген орталықтарының біріне айналды. Бұл үрдістер өңіріміздегі көшпелі мәдениетке серпіліс беріп, мәдени және қоғамдық қатынастарды дамыта түсті. Осыған орай, біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі ғылыми жаңалықтары келесідей болады:

    1. Археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде Батыс Қазақстан өңірінде Алтын Орда дәуірінің жаңа ескерткіштері анықталады;
    2. Анықталған ескерткіштерді топографиялық зерттеу арқылы Алтын Орданың сауда-экономикалық және мәдени байланыс нүктелер саны ұлғайады;
    3. Табылған ескерткіштерді координаталық нүктелері арқылы сандық бағдарламарда 3D бейнесі мен ортофотосызбалары жасалады;
    4. Зерттеу жұмыстарының тың нәтижелері ғылыми айналымға еңгізіледі.

    Жүргізілетін зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан өңіріндегі Алтын Орда ескерткіштеріне болашақтағы зерттеу жұмыстарына тың материал бола алады. Батыс Қазақстан тарихын зерттеуде жаңа дерек болады және осы арқылы өңір тарихын жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңіріміздің әлем тарихында алатын орының тереңдете түседі.

     

    Зерттеу тобы

    1. Сагидуллаев Дарын Зайнуллаевич – жобаның жетекшісі, орындаушы

    Scopus Author ID  57841974400

    ORCID 0000-0003-1853-4695

    E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    1. Ситдиков Айрат Габитович – ғылыми кеңесші, тарих ғылымдарының докторы, профессор

    Scopus Author ID 56412887900

    E-mail.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз