Ахмеденов Кажмурат Максутович - ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, география ғылымдарының кандидаты, профессор
Биография
Туған жері мен жылы:
Эльтон кенті, Ресей Федерациясының Волгоград облысының Паллас ауданы, 1978 жылы туған
Білімі:
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Биология-География"мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген, "Экология" мамандығы.
2009 жылы география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, мамандығы 25.00.26 – жерге орналастыру, кадастр және жер мониторингі.
2014 жылы "География" мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.
2020 жылы "География" мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды.
Жұмыс тәжірибесі:
2000-2006 жылдары – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, 2006 жылдан бастап - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары, биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, 2018 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.
Марапаттар:
ҚР БҒМ талантты жас ғалымдарына арналған 2013 жылға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты, "ЖОО-ның үздік оқытушысы 2014" атағы мен грантының иегері.