Тасмамбетов Жақсылық Нұраддинұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті доцентінің міндетін атқарушы.
Автобиография
Тасмамбетов Жақсылық Нұрадинұлы 1945 жылы ақпанның 20-жұлдызында Қызылорда облысының Қазалы ауданында Кеңес заманы кезінде Бөзкөл кеңшарының Қибас төбе аталатын елді мекенінде, дүниеге келген.
Әкесінен ерте айырылып, шешесі тәрбиесімен ержетті: мектептегі оқуды сол кездегі «Коммунизм жолы» колхозында бастап, 1957-1961 жылдары Қазалы қаласындағы пансиондық интернатта тәрбиеленіп, осы қаладағы №17 Ғани Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебін 1961-ші жылы бітірді де, 1961-1962 жылдары туған жері Бөзкөл совхозының шопаны болып жұмыс жасады.
Ол 1962-ші жылы Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түсіп, оны «Математика» мамандығы бойынша 1967 жылы бітірді.
1967 жылы аталған университеті бітіргеннен кейін, Жақсылық Нұрадинұлы Министрлік жолдамасымен жаңадан құрылып жатқан Ақтөбе педагогика институтына жұмысқа жіберіледі. Қалған еңбек жолы, негізінен, Ақтөбе педагогика институтымен және оның негізінде құрылған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетімен байланысты.
Ол 1967-1968 оқу жылында Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының Математика кафедрасының оқытушысы, ал 1968-1970 оқу жылдары сол институттың Жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы, қызметінде болды.
1971-1974 жылдары Жақсылық Нұрадинұлы аталған университеттің дифференциалдық теңдеулер кафедрасында доцент Н.И.Терещенконың ғылыми жетекшілігімен аспирантура өтіп, дербес туындылы екінші ретті дифференциалдық теңдеулер жүйесінің аналитикалық теориясымен айналысты. Нәтижесінде, 1975 жылы «Екінші ретті кейбір дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің қалыпты шешімдері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Кандидаттық жұмысы жай дифференциалдық теңдеулердің аналитикалық теориясынан белгілі Фробениус-Латышева әдісін екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесіне жалпылауға арналған.
1990-1992 жылдары Жақсылық Нұрадинұлы докторлық диссертациямен белсенді түрде айналысу мақсатында Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының аға ғылыми қызметкерлігіне ауысады да, 1992-1999 жылдары Ақтөбе педагогика институтының және оның негізінде құрылған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Информатика және есептеуіш техника кафедрасының меңгерушісі қызметін қайта жалғастырады.
Факультет деканы және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған кезінде ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарға, ғылыми байланыстар орнатуға көп көңіл бөліп, ҚР ҰҒА Математика Институты, Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университеті, Украина Республикасының ҰҒА Математика Институты, Кибернетика Институтары белгілі ғалымдарының Ақтөбе педагогика институтына келіп, дәрістер оқуына, ғылыми-әдістемелік көмектер жасауына ұйытқы болды. Сол жасаған байланыстар, осы уақытқа дейін өзінің жалғасын табуда.
Көп жылғы ғылыми және оқу-әдістемелік еңбегін бағалап, университет басшылығы Жақсылық Нұрадинұлына 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры академиялық атағын берді.
Жақсылық Нұрадинұлының ұйымдастырушылық қабілетін және мол тәжірибесін ескеріп, 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, оны экономика факультетінің деканы етіп тағайындайды. Оны 2009 жылға дейін атқарды.
Экономика факультетінде оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру бағытында бұрын Информатика және техника кафедрасының меңгерушісі, кейін осы факультеттің деканы ретінде көп жұмыстар атқарды. Жаңа кафедралар ашып, кадрлар құрамын күшейтуге күш салды. Оның ұйымдастыру істеріне араласуымен және ұйымдастыруымен университетте бірнеше Халықаралық, Республикалық, Аймақтық және қалалық конференциялар өтті. Жетекшілік жасаған студенттері әртүрлі деңгейдегі дипломдармен марапатталып, жүлделі орындарға ие болды. Өзіне де Министрлік тарапынан бірнеше рет алғыстар жарияланды.
- 1997 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ИЕТ кафедрасының академиялық профессоры, 2012 жылы- Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі.
- 1977, 2006 ж.ж. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
- «1978, 1979 жылдардағы-жарыс жеңімпазы» - белгілерінің иегері.
- 1979 жылы «ҚазКСР оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
- 2000 жылы «Мыңжылдықтың Майталман деканы».
- 2007 жылдың «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.
- 2012 жылы ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан Зор үлесі және жоғары оқу орындарына арналған шетел авторларының оқулықтарын аударудағы нәтижелі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
- 2012 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының және Ақтөбе облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатымен» - Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбилеудегі қол жеткізген табыстары үшін марапатталған.
Ғылыми-ұстаздық жолында қосқан үлесі:
-250-ден астам ғылыми және және 80-ге жуық ғылыми әдістемелік жариялымдардың, оның ішінде 4-оқу, 6-оқу-әдістемелік құралдарының авторы, 1-кітабы Ақтөбе университетінде және ҚР-дағы математика ғылымының даму тарихына арналған, 1-монографиясы баспадан шықты,5- жоғары оқу орындарына арналған шетел авторларының үздік оқулықтарымен оқу құралдарының аудармалары қолданыста.
-Ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық диссертация- математикадан, 17 магистрлік диссертация –информатикадан қорғалды, 2 PhD докторларына жетекшілік етті.
- Ғылыми біліктілігін көтеру мақсатында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Зеленоград қаласындағы Есептеуіш техника институтында,Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде және Украина ҰҒА-ның Математика институтында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-де, Е.Б.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қарағанды политехникалық институттарында білім көтеріп, ғылыми семинарларда баяндамалар жасаған. Жаңа инновациялық әдістерді енгізу бағытында қазіргі кезде де тұрақты жұмыстар жасайды.
-Кандидаттық диссертациясының оппоненті Украина ҰҒА-ның академигі Ю.А.Митропольский, докторлық диссертациясының оппоненттері ф.-м.ғ.д.,професссорлар Бижанова Г.И.,Мырзалиев Ж.М.,Оспанов К.Н.. Жетекші ұжым-Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университеті.
-Москва,Киев,Баку,Алматы, Астана,Фетхие,Ташкент,Сакария,Канев,Нальчик,Тернополь т.б. 20-дан астам алыс және жақын шет ел қалаларындағы ғылыми орталықтарында өткен халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған.
-Түрік дүниесі математиктерінің ІІ-ші (Түркия, Сакария), ІІІ-ші (Алматы,Қазақстан), IV-ші (Баку,Әзербайжан), V-ші (Бішкек,Қырғызстан)
симпозиумдарына қатысып, баяндамалар жасаған.
-International ISAAC Congres-тің VІ-шы (Анкара,2007), VІІ-ші (Лондон,2009), VІІІ-ші конгрестерінің материалдарында еңбектері шыққан.
- Ғылыми есею жолында Киев университетінде әлемге аты әйгілі ғалымдар: академиктер Ю.А.Митропольский, И.З. Штокало, О.С.Парасюк, А.М. Самойленко, И.И. Ляшко, мүше-корреспонденттер И.И. Гихман және Г.Н. Положий, профессор Н.И. Кованцовтардан дәрістер тыңдап, математика әлемінің қыр-сырына үңіліп, онымен айналысуды өмірлік таңдау еткенін мақтан тұтады және өскелең жас ұрпақты сол жолды таңдауға шақырады.
1981-1982 жж. Математикалық анализ кафедрасының доценті, осы кафедраның меңгерушісі.
1982-1984 жж. Алматы халық шаруашылығы институтының Ақтөбедегі филиалының экономика-жоспарлау факультетінің деканы.
1984-1989 жж. Математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі.
1985 жылдан бастап елімізде ғылым-білім орындарын жаппай компьютерлендіру науқаны басталды. Сондықтан да, осы маңызды іске Ақтөбе облысының мыңдаған мектеп мұғалімдері мен институт студенттерін дайындау қажет болды. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Зеленоград Есептеуіш техника институттарында дайындықтар өткеннен кейін, ол ұзақ жылдар бойы облысқа мұғалімдердің білім жетілдіру курсы және Ақтөбе педагогика институтының физика-математика факультеті негізінде мыңдаған мектеп мұғалімдері мен институт студенттерін информатик маман ретінде дайындаумен айналысты Физика-математика факультетінде жаңа мамандықтар ашуға және информатик мамандар дайындауға қажет кафедраның ашылуына ұйтқы болды.
1989-1990 жж. Информатика және есептеуіш техника кафедрасының алғашқы меңгерушісі.
1990-1992 жж. Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының аға ғылыми қызметкері.
1992-1999 жж. Ақтөбе педагогика институтының және оның негізінде құрылған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Информатика және есептеуіш техника кафедрасының меңгерушісі.
1999-2009 жж.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетінің деканы қызметін атқарды
Экономика факультетінде оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру бағытында бұрын Информатика және техника кафедрасының меңгерушісі, кейін осы факультеттің деканы ретінде көп жұмыстар атқарды. Жаңа кафедралар ашып, кадрлар құрамын күшейтуге күш салды. Оның ұйымдастыру істеріне араласуымен және ұйымдастыруымен университетте бірнеше Халықаралық, Республикалық, Аймақтық және қалалық конференциялар өтті. Жетекшілік жасаған студенттері әртүрлі деңгейдегі дипломдармен марапатталып, жүлделі орындарға ие болды. Өзіне де Министрлік тарапынан бірнеше рет алғыстар жарияланды.
Жақсылық Нұрадинұлы 2004 жылы көп жылдық ғылыми зерттеу жұмыстарын тұжырымдап, «Полином коэффициентті екінші ретті дербес туындылы арнайы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің қалыпты шешімдері» тақырыбына докторлық диссертация қорғап, көптең түйіні табылмай келе жатқан осы бағыттағы проблемалардың шешімін тапты. Ондаған конференцияларда алған нәтижелері бойынша хабарламалар жасады.
2005-2010 жж Халықаралық кәсіби «Тұран-Профи» Академиясы (Астана), Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-мен бірігіп, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі және Inwent (Германия) қоғамының қолдауымен ҚР экономика саласының басшы қызметкерлері мен менеджерлерінің білім көтеру бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі ретінде Ақтөбе университетінің экономика факультетінің базасында курстар ұйымдастырды. Ақтөбегі білім көтеру курсын бітірген 30-дан астам менеджерлер Германияда 3 және 1 айлық өтілдіктер өтіп, шет ел жаңалықтарын өз өндірістеріне енгізуге атсалысты.
2009 жылдан Информатика және есептеуіш техника кафедрасының профессоры.
Факультет деканы және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған кезінде ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарға, ғылыми байланыстар орнатуға көп көңіл бөліп, ҚР ҰҒА Математика Институты, Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университеті, Украина Республикасының ҰҒА Математика Институты, Кибернетика Институтары белгілі ғалымдарының Ақтөбе педагогика институтына келіп, дәрістер оқуына, ғылыми-әдістемелік көмектер жасауына ұйытқы болды. Сол жасаған байланыстар, осы уақытқа дейін өзінің жалғасын табуда.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті және Ақтөбе педагогика институтында педагогикалық қызмет атқарған 50 жыл уақыт ішінде Жақсылық Нұрадинұлы мыңдаған экономистер, математиктер, физиктер, информатиктер, биологтар дайындауға атсалысты.
Жақсылық Нұрадинұлы 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Математика кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы болып жұмыс жасайды.
Есімі мен еңбек жолы Республикалық «Лучщие люди Казахстана», Қызылорда облыстық және Қазалы аудандық энциклопедияларына енген.
Ғылымдағы жаңалық ашу, немесе проблеманы шешу барысында дүниежүзі бойынша ғалымдарды бағалаудың әртүрлі критерийлері бар. Оның бірі шетелдердегі танымал ғылыми журналдарда мақала шығару. Сонымен қатар, математика ғылымында қалыптасқан әдемі дәстүр бар: Мысалы, математика ғылымдарында әрбір сала бойынша үлкен ағаштың діңгегіне сол саланың негізін салушының аты-жөнін жазып, бұтақтарына сол саланы дамытуға елеулі үлес қосқан адамдардың аты-жөні жазылады,басқаша айтқанда сала бойынша оған еңбегі сіңген ғалымдардың шежіресі жасалады. Математиканың дифференциалдық теңдеулер саласы бойынша осындай зәулім ағаштың бір бұтағы ретінде Жақсылық Тасмамбетовтың аты-жөні АҚШ-тағы Оңтүстік Дакота мемлекеттік университетінің математика факультетінде жазылған /http:// Осы сілтеме арқылы қарауға болады: www.genealogy.ams.org/id.php?id=86063/.
1970 жылы өмірлік жары Ақиіспен отау құрып, Ақмарал, Айгүл, Гүлмира және Асхат есімді төрт бала өмірге келді. Балалары және күйеу баласы Қуаныш, келіні Әсел бәрі де жоғары білімді. Астана, Ақтөбе қалаларында тұрып жұмыс жасайды. Өз істерінің белгілі мамандары. Ақмарал «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Актуарлық есептер және талдау қызметі жетекшісінің орынбасары. Жұбайы Ақиіс қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «ҚР – Білім беру ісінің үздігі», зейнеткер, орта мектепті Жаңа Қазалы кенішінде бітірген.
- немересі Айжан өз жолын қуып математика мамандығын таңдаған, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ-ін бітірді, немерелері Аңсаған мен Арманай және де жиен немерелері Бекхан, Байрамдар өсіп жетіліп келеді. Жиен немересі Айдын Назарбаев Университетінің студенті.