Қуаныш Лабибович Кисметов – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Мәдениет және өнер факультеті, Музыкалық білім және вокал кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Автобиография
Кисметов Қуаныш Лабибович 1977 жылы 09 маусымда, Жәнібек ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.
1983 – 1994 жылдары № 1 Жәнібек Орыс орта мектебінде білім алып,1994 – 1997 жылдары Жәнібек аудандық мәдениет үйінде еңбек жолын бастады.
1997 – 2001 жылдар аралығында Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып, жоғарғы білімді музыка пәні мұғалімі мамандық иесі атанады. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тәрбие бөліміне жұмысқа қабылданады, 2004 жылдан Мәдени тығығу және хореография кафедрасында педагогикалық қызметін бастады.
Қ.Л.Кисметов 2014 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иеленді.
Қ.Л. Кисметов 2015 – 2018 жылдары Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов ұлттық ғылыми зерттеу мемлекеттік университеті Психология - педагогикалық факультеті Әдіснама кафедрасының Аспирантурасын аяқтап, 2021жылы 23 кыркүйекте кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Білім және ғылым Министрлігі Болон процессі және академиялық ұтқұрлық орталығы 2022 жылы 23 маусымда №830 бұйрығымен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Қ.Л. Кисметов 2016 ж. «Құрмет», 2017 ж. ҚР «Мәдениет саласының үздігі», 2021 ж. ҚР «Bilim - orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» және 2022 ж. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен марапатталды.
Қ.Л.Кисметов алдыңғы буын оқытушылардан үлгі алып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ережесіне сәйкес, атындағы Музыкалық білім кафедрасында 2004 жылдан бері педагогикалық қызмет етуде. Қуаныш Лабибұлы осы кафедрада жұмыс істегелі жауапты, білікті маман ретінде ерекшеленеді.
Студенттерді тәрбиелеу жұмысына белсене қатысады.
Облыстық «Жас қанат» байқауында 3 – орын (1999ж), қалалық патриоттық әндер байқауынан 1 – орын(2001ж), облыстық патриоттық әндер байқауында 2 – орын (2001ж), облыстық «Дала дарындары» байқауында 2 – орын (2002ж), облыстық «Ән қанатында» байқауында 1 – орын (2003ж), Республикалық Е.Хасанғалиев атындағы «Атамекен» , І-ші Республикалык Ә.Бейсеуов атындағы «Армандастар» , Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным», Халықаралық «Ялта-2006», Польша мемлекетінде өткен «Мир под Кычером» байқауларының лауреаты.
Қуаныш Лабибұлы ҚР Композиторлар Одағының мұшесі, ҚР ҚазАҚ авторлар қоғамының мүшесі, көптеген әндердің авторы. Мысалы: университетіміздің гимні атанып жүрген «Менің Университетім», «Ержүрек Мәншүк», «Ұлы дала тынысы», «Жаннатым», «Туған жерім», «Ақжайықтың жастары», «Ақұштабы - Алаштың», «Астана», «Әке», «Мереке вальсі», «Тәуелсіздік таңы», «Майдангерлер», «Сарбаздар хаты», «Аналарға арнау», «Өнермен өңді өмірім», «Достық туы», «Досым», «Сағынамын», «Өнерім өмірім», «Жерұйық», «Біз - бақыттымыз», «Жапырақ ғұмыр», «Өзіміз жайлы аңыз», «Махамбет білім ордасы» т.с.с. көптеген әндері арқылы композиторлық өнердің биік шыңына жетіп жүрген талант иесі.
Қуаныш Лабибұлы қоғамдық жұмыстарға да үлкен жауапкершілікпен араласады, шығармашылық бағытта көптеген шәкірттері университет атынан Халықаралық, Республикалық және облыстық байкауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалға:
«Дарын» квартеті - Облыстық «Алтын дауыс» байқауының 3 – орын иегері, республикалық Ә.Молдағұлова атындағы патриоттық әндер байқауының І орын иегері (Ақтөбе), Халықаралық «Европа + Азия» байқауының алтын кубогі иегері (Орынбор).
«Қорған» тобы - Облыстық Ш.Қалдаяков атындағы «Ақ ерке Ақжайық» байқауының 3 – орын иегері, І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері, облыстық «Дала дарындары» байқауының 1 – орын иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің құрмет грамотасы иегері (Астана), Халықаралық На Николаевской атындағы шығармашыл жастар конкурсының І орын иегері (Орынбор).
Дауренбек Мергалиев - Облыстық «Дала дарындары» байқауының дипломанты, Республикалық «Жас қанат» байқауының 1 – орын иегері (Астана).
Рустем Кереев - Облыстық «Студенттік көктем» байқауының бас жүлдегері, Республикалық «Келсеңші маған ән болып...» байқауының 2 – орын иегері (Тараз).
Армат Амандықов - Аймақтық «Ержүрек Мәншүк» байқауының бас жүлде иегері, бүгінгі таңда Ақтөбе драма театрының актеры.
Бақтылы Кунебаева - Республикалық «Келсеңші маған ән болып...» байқауының дипломанты(Тараз), Х фактор байқауының финалисті, Е.Хасанғалиев атындағы Халықаралық «Атамекен» ән байқауының бас жүлде иегері (Орал).
Айтемір Даулетқалиев - І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері.
«БатысSTAR» тобы - Облыстық патриоттық әндер байқауының 3 – орын, Халықаралық «На – Николаевской» байқауының ГРАН-При (Орынбор), І.Жақанов атындағы Халықаралық «Еділ мен Жайық» байқауының 2 орын иегері (Атырау).
«Қорған» (2 топ) тобы - Наследники традиций Халықаралық байқауының Гран-При иегері (Саратов РФ).
«MakhamBand» (1топ) тобы - На крыльях музыки Халықаралық байқаудың лауреаты - 3 орын иегері (Самара).
Гүлсезім Жардемова - Е.Хасанғалиев атындағы Халықаралық «Атамекен» ән байқауы алғыс хат (Орал)
Әжігереева Балауса - Республикалық Шалқар толқыны байқауы дипломант (Орал)
Сақы Ақерке - Е.Хасанғалиев атындағы Халықаралық «Атамекен» ән байқауы алғыс хат (Орал)
«MakhamBand» (2 топ) тобы - Жастықтың алауындай, жүректің қалауындай - Досмұқасан республикалық байқауының 1 орын иегері (Алматы) т.б...
Педагог, өзінің біліктілігін арттыру мақсатында
- КГУ им. КоркытАта - "Психология музыкального образования и психология музыки" курс повышения квалификации - лектор д.п.н., профессор, Вице - Президент МАНПО, зав.кафедрой методологии и методики музыкального образования МГПУ Э.Б. Абдуллин. № 127.
- ЗКГУ им. Утемисова - "Театральное искусство" - мастер - класс д.и. профессора Б.К. Кундакбаева.(2006) № МК2006.6
- ЗКГУ им. Утемисова - "Оператор ПК" - Директор РЦ ПКиПКИ.М.Ломоносов.(2008) № ОП-008 027.
- ЗКГУ им. Утемисова - "Работа со звуком в программе Sony ACID PRO 6.0" - Директор РЦО И.М.Ломоносов.(2009) № 00709.
- ЗКГУ им. Утемисова - "Нынешние проблемы традиционно-музыкального искусства" - мастер класс Заслуженного артиста РК, Лауреата Государственной премии Б.Тлеуханова. (2009) № Д00906.
- СГУ им. Н.Г. Чернышевского- «Развитие личности средствами искусства»прохождение стажировки (сертификат)
- 2014ж Кеңес Одағының Халық әртісі, Саратов коонсерваториясының профессоры Л.А. Сметанниковтың мастер – классы сертификат.
- 2014ж. «Технологии развития личности средствами искусства» Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті біліктілікті арттыру - сертификат.
- 2014ж. Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті «Развитие личности средствами искусства» Халықаралық ғылыми-практикалық магистранттар арасындағы конференциясы - сертификат.
- 2014ж. Самарская государственная академия культуры и искусств «Информационные и комуникационные технологии в образовании» - сертификат.
- 2014ж. Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті «Музыкально-инструментальная подготовка» доцент Т.А. Палагинаның мастер – классы - сертификат.
- 2014ж. Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті «Концертмейстерская подготовка» доцент Т.А. Корчагинаның мастер – класы - сертификат.
- 2020 ж. Национальный технологический университет «Методика преподавания музыкальных дисциплин с использованием музыкально-компьютерных технологий» сертификат (удостоверение).
- 2021 ж. Республиканский институт высшей школы «Университет 4.0. Цифровая трансформация» - сертификат (онлайн-стажировка).
Болашақ музыка мұғалімінің вокалдық ансамбльде ән айтуға және компьютерлік музыка шығармашылығы мәселелері жөнінде ғылыми еңбектеніп, магистрлік, кандидаттық диссертацияларын қорғап, 1 монография, 2 оқу құралы және бірнеше мақалалары жарық көрді.