Рустенов Амангелді Рүстемұлы - биология ғылымдарының кандидаты, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
Автобиография
Рустенов Амангельды Рустенович 1942 жылы 1 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Көкбұлақ ауылынды дүниеге келді. Көкбұлактың бастауыш мектебі (1949-1953 жж), Балықшы мектебін (1953-1959 жж) бітірген соң жұмысшы мамандығын алуға Шымкенттің №11 техникалық улищесінде оқып (1959-1961 жж) слесарь болып шығады. Жұмысшылықты Шымкент өнеркәсіптік құрысының монтажды цехынд слесарь болып істейді. Сол жерден армия қатарына алынып, отан қорғаушы солдат болып үш жыл (1961-1964 жж.) қатардағы жауынгер болады. Өмірдің ащы-тұщылығын көрген соң жоғарығы мектепке түсіп, білімді маман болғсы келіп армия қатында жұріп институтқа емтихан тапсырады. Барлық емтиханды жоғарғы бағаға тапсырғандықтан институтқа қабылданып армия қатарынан мерзімнен бүрын босанып шығады.
Студенттік өмір 1964 жылы Великие Луки ауылшаруашылық институтының зоотехникалық факультетінен басталады. Оқуға деген арманы орындалғанан кейін барынша тырыса оқып, институтты 1969 жылы «үздік» дипломмен бітіріп, бірден аспирантураға жолдама алады. 1969 -1972 жылдары Ленинград қаласындағы Бұкілодақтық ауыл шаруашылық малының селекциясы, генетикасы және көбеюі ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқып, мерзімінен бұрын биология ғылымының кандидаттық дәрежісін алу үшін диссертация қорғайды.
Амангелді Рүстенұлы 1972-1989 жылдары арасында Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтында доцент, декан және профессорлық қызметтерін атқарады. Осы жылдары жүргізген ғылыми-ізденістерін тұжырымдауға 1989-1990 жылдары қайтып өзінің білім ордасы - Бұкілодақтық ауыл шаруашылық малының селекциясы, генетикасы және көбеюі ғылыми-зерттеу институтына оралып, 1990 жылы докторлық диссертациясын қорғап шығады.
1990-2014 жылдары А.Р. Рүстенұлы Орал педагогикалық институтының ғылыми-зерттеу жұмыстары және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, Батыс Қазақстан Гуманитарлық академиясының оқу және ғылыми жұмыстары жөніндегі проректоры, Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, Қазақстан халықтар достығы университетінің ректор кеңесшісі, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университетінің «Биотехнология» кафедрасының профессорлық қызметтерін атқарады. Ол кәзіргі кездері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, «Биотехнология және экология» ғылыми отралығының қызметінде магистерлер мен доктор PhD дайындады.
А.Р. Рүстенұлы Оңтүстік-Батыс мал және өсімдіктер ғылыми-зерттеу институтының жанындағы докторлық диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде ауыл шаруашылық саласында іргелі ғалым мамандар даярлауға белсене араласты.
А.Р. Рүстенұлы мемлекеттік тапсырыстар бойынша орындалған «Қарашағанақ газ-конденсатты маңындағы өсімдіктер және жануарлар экологиясы», «Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі шошқаларды селекциялық әдістермен жетілдіру» «Шәуеттерді залалсыдандыру кешенін жасау» тақырыптарының ғылыми жетекшісі болып көптеген ғылыми жұмыстарды атқарды. Ол 2012-2014 жылдарға арналған «Еліміздің интелектуальды потенциалы» приоритеті бойынша «Жаратылыстанудағы фундаментальды ғылыми-ізденістер» мемлекеттік тапсырыстың Грант иегері, жұмыстың ғылыми жетекшісі, ЖШС «Жаңажол+» тапсырысы бойыша «Муғалжар тұқымды биелердің сүттілігінің сапасын жақсарту» тақырыбының басшысы болып, ғылыми ізденістерді жүргізуде.
Рустенов А.Р. Батыс өңіріндегі өндірістік келсімшарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, солардың ішінде «Мұғалжар тұқымды биелерінің лактациялық ерекшеліктері және оларды жоғарлату» (мемлекеттік тіркеу №0119РКД0093) және «Тебіндіндене бағылатын көшім жылқыларының майды жыйнақтаушы қабілеттіктерін жоғарлату» (мемлекеттік тіркеу 0119РКД0094) жұмыстарын атқарды.
Жарты ғасырлық жоғары оқу орындарындағы Рустенов А.Р. зерттеу нәтижелері 320-ден астам ғылыми еңбектерде жарияланды, солардың ішінде 11 оқу құралы, КСРО-ның және Қазақстанның 6 авторлық (3 жабық) куәлігі мен патентері, 6 Томсон рейтер және Scopuc базаларында мақалары жарық көрген. Оның орындаған ғылыми жұмыстарының нәтижелері Ресейде, Өзбекстанда, Белоруссияда, Украинада, Оңтүстік Африкада, Америкада, Индияда, Қытайда, Монголияда, Болгарияда, Чехияда, және Сингапур журналдарында шығарылды.
Жарыққа шыққан ғылыми-ізденіс жұмыстары үшін Ресей қоғамдық педагогикалық академиясының корреспондент мүшесі, Балтика халықаралық және педагогикалық академиясының академигі болып сайланды.
Профессор А.Р. Рүстенұлы 340-ден астам ғылыми еңбектер жазып жариялады, соның ішінде 14 кітаптың авторы, КСРО-ның және Қазақстанның 6 авторлық (3 жабық) куәліктері бар. Еліміздің жоғарғы оқу орындарында қолданыста жүрген негізгі жарияланған еңбектерінің ішіндегілерден мыналарды атауға болады: «Мал шаруашылығының өндірістік технологиясы» (Алматы -1976 ж. 164 б.), «Зооинженердің анықтамалығы» (Алматы -1982 ж. 336 б.), «Безопасность жизнедеятельности» (Уральск – 2003 г. 331 с.), «Ген инженериясы» (Шымкент-2011 ж. 215 б.), «Геномика с основами генетической инженерии» (Шымкент-2012 ж. 326 с.), «Биэнергетика сельскохозяйственной продукции» (Шымкент-2014 ж. 114 с.), «Клеточная инженерия» (Шымкент-2014 ж. 151 с.), «Генетика практикумы» (Орал -2016 ж. 216 б.), «Геномика с основами генетической инженерии» (Алматы 2018 ж. 304 с.), «Генетика практикумы» (Алматы -2019 ж. 272 б.),
Амангелді Рүстенұлы – белгілі ғалым, мыңдаған аграрлық және педагогикалық салаларындағы шәкірттерді тәрбиелеген қадірменді ұстаз, шебер ғылыми ұйымдастырушы. Оған тән ең тамаша адамгершілік қасиет – қарапайымдылық, іскерлік және білімдарлық. Ол өз отбасын да ғылымға баулай білген жан - жұбайы және қыздары ғылым кандидаттары, үлкен қызы Санкт-Петербор генетика и селекция ғылыми институтының аға ғылыми қызметкері, ғылым кандидаты болса, кенже қызы Эльвира Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымының кандидаты, Ресейдің қоғамдық және педагогикалық академиясының корроспендент мүшесі.