Басқарма аппаратының жетекшісі
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары экономикалық білімі, 10 жылдан кем емес әкімшілік лауазымдардағы, оның ішінде 3 жылдан кем емес құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп саласындағы еңбек өтілі;
- Сәулет және құрылыс саласындағы нормативті құжаттамаға талдау жасауда жұмыс дағдысының болуы;
- Есептеулерді, ақаулы актілерін сауатты жасауға, жұмыс жобасына енгізілген көрсеткіштердің дұрыстығын және олардың арақатынасын тексеруге қатысуы;
- Сараптама жүргізу үшін жобалық шешімдерді келісу, сараптамадан өту мен сапалы жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) қамтамасыз ету мақсатында қорытынды алуы;
- Нысандардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып бақылауы;
- Құрылыс жұмыстарының кестелерін алдын ала әзірлеу; мердігерлердің өндірістік үдерістерін үйлестіру, жобаның барлық бөліктерін байланыстыру жұмысын бақылау, жобалау шешімдерін сүйемелдеу мен келісу және жобалау-жоспарлау құжаттамасының толықтығын қамтамасыз етуі;
- Ұзақ құрылыс жағдайларында жобалау қызметін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жобалардың немесе олар бекітілгеннен кейін ескірген жекелеген жобалау шешімдерінің қайта қаралуын бақылауы;
- Нысандарды, оның ішінде инженерлік желілерді салу, күрделі жөндеу мен пайдалану мәселелері жөнінде іскерлік хат алмасуды жүргізуі;
- Ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; қызметкерлердің бірінші басшының бұйрықтары мен тапсырмаларын, басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өз қызметін үздіксіз және тиімді орындауына жалпы бақылау жүргізу тәжірибесінің болуы;
- Құрылымдық бөлімшелер басшыларының мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуі;
- Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында біліктілік арттырудан өткені жөнінде сертификаттары;
- е-құжат айналымының жұмысын ұйымдастыруы;
- Компьютерде жұмыс істеу дағдылары, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
3. Түйіндеме;
4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің көшірмесі;
5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі;
6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.
Бос лауазым орындарына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн, 2022 жылдың 21 қарашасына дейін.
Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:
090000 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, бас ғимарат, әкімшілік бөлім №108 кабинет (8-711-2) 50 - 86 -11, электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.