ОҚЫТУШЫЛАРҒА

    Көп тілділік институты

    Институттың мақсаты – университетте көптілді білім беруді енгізу үдерісін ұйымдастыру, реттеу және бақылау; жаратылыстану-география, физико-математикалық, педагогикалық және филология бағытындағы арнайы бөлімдерде көптілді білім беру бойынша оқу үдерісінің қалыпты жүргізілуін және жетілдірілуін қамтамасыз ету болып табылады.

    Институт жүзеге асыратын негізгі функциялар:

    1. Көптілді білім берудің перспективті және жылдық жоспарларын дайындап, жүзеге асыру; көптілді білім беруді енгізу мәселелеріне қатысты нормативті-құқықтық құжаттарды әзірлеу;

    2. Жаратылыстану-география, физико-математикалық, педагогикалық және филология бағыттарының басым мамандықтары бойынша көптілді білім беруді кезең-кезеңмен енгізуді ұйымдастыру.

    3. Көптілді оқытушылар мен студенттердің санын көбейту үшін тілдік курстарды ұйымдастыру (шетел тілін білу деңгейлері бойынша).

    4. Көптілді оқытушылар үшін интеграцияланған оқыту әдістемесі бойынша курстар ұйымдастыру.

    5. Көптілді БҚМУ оқытушылар мен студенттеріне арналған халықаралық емтиханға (IELTS) дайындық бойынша тілдік курстарды ұйымдастыру.

    6. Алыс және жақын шетел елдерден ғалымдарды тарту, көптілділікті дамыту үшін дәрістерді оқу және практикалық сабақтарды, семинарлады, тренингтерді өткізу мақсатымен профессорлардың келуі;

    7. Бакалавриат және магистратура мамандықтары пәндерінің үш тілде оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жыл сайынғы кітаппен қамтамасыздандыруды талдау.

    8. Кітапханалық қордың оқу, әдістемелік, ғылыми, анықтамалық және басқа да әдебиеттермен және мультимедиялық материалдармен мемлекеттік және шетел тілдерінде толықтырылуы;

    9. Алыс және жақын шетел елдердің серіктестерімен бірлескен оқулықтар мен оқу құралдарын, ғылыми мақалаларды жазуды ұйымдастыру;

    10. НЗМ тәжірибелерімен алмасу, шетел және ұлттық көптілді ЖОО мен профильді пәндерді оқыту мектептері, және көптілді кадрларды дайындау бойынша ынтымақтастықты орнату;

    11. Көптілді топтардағы оқу дайындығын жобалайтын және іске асыратын оқытушылармен жұмысты жандандыру;

    12. Жан-жақты, көптілді тұлғаны тәрбиелеу бойынша студенттермен іс-шаралар өткізу.

    Умиталиева А.Н.
    Умиталиева А.Н.Көп тілді білім беру институтының
    консультант-аудармашысы,
    әлеуметтік ғылымдар магистрі
    Мекен-жайы: пр.Н.Назарбаев 162,1 корпус , 104 офис
    Телефон: 8(7112)26-06-25
    E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Институт полиязычия предлагает английские курсы по подготовке к сдаче международного экзамена IELTS для студентов и преподавателей ЗКГУ

    Loading...

    IMG 4816 mini

    Үш тілде білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыруға байланысты 2016 ж. қыркүйек айынан бастап М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Көптілділік институты» атты жаңа құрылымдық бөлімше ашылды. Осы уақыттан бастап 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін институтты ҚР БҒМ-мен М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ға шақырылған шетелдік топ-менеджер Доктор Ли Чжон Хюн басқарды. 2018 ж. сәуір-желтоқсан айларында институтқа Польша Республикасынан келген жаңа топ-менеджер профессор Анна Банчковска жетекшілік етті.

    Көптілділік институты ерекше назарды көптілді топтардағы оқытушылардың әдістемелік дайындығына аударады: кафедраларда тұрақты түрде көптілді білім беру мәселесі бойынша семинарлар өткізіліп тұрады; тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады, көптілді топтарда оқыту әдістерін насихаттау барысында мастер-класстар жүргізіліп тұрады; оқытудың инновациялық әдістерін, электронды және цифрлік білім ресурстарын енгізу бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда; соның ішінде аудио және бейнематериалдарды, онлайн курстарды қолдану, кіріктірілген курстарды дайындау, үш тілде әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс әдістемесін даярлау, көрнекіліктің алуан түрін дайындау және пайдалану; көптілді топтарда студенттердің өзіндік жұмысын жүргізу, бақылаудың түрі мен формасы, т.б.

    М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да үштілділіктің жол картасын бекітуді жүзеге асыру шеңберінде оқу-әдістемелік құрал ретінде «Useful 500 Sentences» («Пайдалы 500 сөйлем») оқу бағдарламасы жасалынды. БҚМУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған бұл оқу құралының негізгі мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі сөйлесу дағдыларын игеру болып табылады.

    2016 ж. 1 қазан мен 2017 ж. 1 маусымы аралығында доктор Ли Чжон Хюн көптілді топтардағы профессорлық-оқытушылық құрамға, студенттерге, кафедра меңгерушілері мен декандарға арналған келесі әдістемелік семинарларды жүргізді:

    · «Үш тілді оқыту жағдайында бағдарламалық жасақтама мен оқыту жүйесін әзірлеу»

    · «БҚМУ-да көптілді білім беруді дамытудың іс-шаралар жүйесі»

    · «Көптілді топтарда ағылшын тілін оқытудың әдістемесі»

    · «TED онлайн дәрістерін (ағылшын тілінде) көптілді топтарда қалай пайдалану керек»

    · «Қазақстан мен Оңтүстік Корея университеттерінде көптілді білім беруді дамыту»

    · «Google (Гугл) іздеу бастамасын қалай тиімді пайдалау»

    Семинарлық іс-шаралардан басқа, 2017-2018 оқу жылы көптілділік тақырыбында дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды:

    · «Көптілділік заманға сай білім берудің артықшылығы ретінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Жаратылыстану-география факультетінің студенттері мен оқытушыларына)

    · «Көптілді білім беру академиялық ұтқырлықтың ынталандырушы факторы ретінде: Еуропалық тәжірибе мен Қазақстан» тақырыбындағы дөңгелек үстел (Педагогика факультетінің студенттері мен оқытушыларына)

    · «Білім, ғылым, тәжірибе салаларындағы ақпараттық-коммуникациялық компетенцияларды қалыптастыру мәселелері» атты тақырыптағы дөңгелек үстел (Информатика кафедрасынаның оқытушыларына)

    · «Үштілділік – көп этникалық тұлғаның қалыптасуының негізі» (Қала және облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған лекция)

    · «М. Өтемісов атындағы БҚМУ үлгісінде үштілділікті енгізу тәжірибесі» (Назарбаев зияткерлік мектебінде ағылшын тілі курстарында оқып жатырған қала мектептерінің оқытушыларының шақырылуымен өткен лекция)

    · НЗМ-нен шетелдік мамандардың шақырылуымен «Сабақты CLIL әдісі бойынша жүргізудің әдістемелік тәжірибесін енгізу» атты практикалық семинар.

    · Назарбаев зияткерлік мектебі өкілдерінің қатысуымен өткен «Батыс Қазақстан аумағында ағылшын тілі оқыту құралы ретінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция.

     

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз