ОҚЫТУШЫЛАРҒА

    БҚУ студенттеріне арналған мінез-құлық ережелері

    Бекітілді

    М.Өтемісова атындағы БҚУ Ғылыми кеңесі шешімімен   

    №6 хаттама

    08.07.2020 ж.

     

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттеріне арналған мінез-құлық ережелері 

    Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің (бұдан әрі - БҚУ) аумағында болу кезінде студенттердің жүріс-тұрыс ережелері:

    1. БҚУ студенттері құқылы:

    - жоғары білімнің білім беру стандарттарына сәйкес және таңдаған оқу бағыты (мамандығы) бойынша білім алуға;

    - адамның қадір-қасиетін, ар-ождан бостандығын, ақпарат бостандығын, жеке наным-сенімін және олардың пікірін құрметтеу және қорғауға;

    - тәуелсіз немесе қоғамдық ұйымдар арқылы басқару органдарына қатысуға, БҚУ қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға және шешуге қатысуға;

    - оқуда және оқудан тыс жұмыстардың мәселелерін талқылауға арналған жиналысқа қатысуға (жеке немесе оқытушылар мен университет әкімшілігінің шақыруымен).

    2. БҚУ студенттері міндетті:

    - БҚУ жарғысын, БҚУ студенттерінің ар-намыс кодексін, жатақханада тұру ережесін және университеттің басқа да нормативтік құқықтық құжаттарын сақтауға;

    - білім алуға, тапсырмалардың барлық түрлерін уақытында орындауға, сәйкес мамандықтың (бағыттың) оқу жоспарында қарастырылған барлық сабақтарға қатысуға;

    - оқу бағдарламасында қарастырылған бақылаудың барлық түрлерін (сертификаттау, емтихандар және т.б.) уақытында тапсыруға.

    3. Жоғары оқу орнында жалпы қабылданған этикет ережелерін сақтау қажет. Егер есік алдында кезек пайда болса, студенттер оқытушыларға, ер азаматтар әйелдерге жол беруі керек. Университет дәстүріне сай студенттер ректормен, оқытушылар және қызметкерлермен бірінші болып амандасады. Сабақ басында оқытушы дәрісханаға кірген кезде студенттер тұрып амандасады. Оқу сабақтары кезінде университет басшылығы мен қызметкерлері дәрісханаға кірген кезде студенттер олармен тұрып амандасуы керек.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз