СТУДЕНТТЕРГЕ

    Жайық-Каспий өңірін ақын-жазушыларының әдеби мұрасы мен қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті

    IRN AP19676441 Жоба тақырыбы: «Жайық-Каспий өңірін ақын-жазушыларының әдеби мұрасы мен қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті»

    Өзектілігі.

    Кең байтақ Отанымыз – Қазақстанның әр аймағының өзіне тән көркем әдеби мұрасы бар десек, қазақтың сөз өнерінің терең тарихына тұнған өлкенің бірі – Жайық-Каспий өңірі. Аталған өңірдің әдеби мұрасы әр кезеңдерде зерттеу назарында болды. Алайда қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосып, артына құнды рухани шығармалар қалдырған жекелеген қаламгерлер шығармашылығы мен Жайық-Каспий өңірінің қазіргі дәуірдегі әдебиетінің даму барысы сын-зерттеу аясынан тыс қалып келеді. Бұл ғылыми Жобада жоғарыда аталған мәселенің орнын толтыруға ұмтылыс жасалып отыр.

    Жайық-Каспий өңіріне енетін Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары ақын-жазушыларының әдеби шығармашылығын арнайы тексеріс нысанына алу – қазіргі ұлт әдебиеттануының өзекті мәселесі саналады.

    Мақсаты: Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының әдеби мұрасының көркемдік-поэтикалық ерекшеліктеріне, қазіргі қазақ әдебиетінің жанрлық-стильдік даму барысына әдеби, ғылыми талдау жүргізу.

    Жоба міндеттері:

    1. Қазақ әдебиетің тарихында өшпес орны бар атыраулық ақын-жазушылар: Нәбиден Әбуталиевтің (1928-1997) «Қайран Нарын», Мақсұт Неталиевтің (1934-2015) «Ақ ерке Жайық», Меңдекеш Сатыбалдиевтің (1937-1973) «Жартастағы жазулар», Есенжол Домбаевтың (1938-2015) «Болмаған оқиға», Марат Отаралиевтің (1938-1973) «Перзентімін даланың» т.б. әдеби мұраларына және қазіргі дәуір әдебиетіне өз үнімен келген Бақытгүл Бабаштың (1981) «Мәңгілікке мекендеген Күн елін», Бақытгүл Сәрмекованың (1992) «Қарагер тай», Асланбек Шығыровтың (1996) «Вальс» т.б. үздік туындыларына тақырыптық-идеялық талдау жүргізу;
    2. 2Оқырмандарына мол әдеби мұра қалдырған ақтөбелік ақын-жазушылар: Ізтай Мәмбетовтің (1929-1974) «Өгей шеше», Сағи Жиенбаевтың (1934-1994) «Даламның иісі бұрқырап», Тобық Жармағамбетовтың (1934-1973), «Соңғы хат», Сәбит Баймолдиннің (1942-2000) «Қырда туған» т.б. әдеби мұраларын, Ертай Ашықбаевтың (1956) «Қобыландының қонысы», Гүлжайнар Қалдинаның (1983) «Жайықта қалған сағыныш», Сағадат Ордашеваның (1984) «Жұмадағы раушан», Ершат Қайболдиннің (1993) «Ана, сенің жүрегің тоқтамасын» т.б. шығармаларын ғылыми зерделеу;
    3. Батысқазақстандық ақын-жазушылар: Ислам Шұғаевтың (1932-2001) «Тәуелсіздік шуағы», Үзілдік Елубаеваның (1953) «Ауылда менің ғұмырым», Аманғали Сарқұловтың (1956) «Қорыққан қораз», Мәлік Бердәлінің (1962) «Айналайын», Нұрлан Сәдірдің (1971) «Күрескерлер», Ертай Бимұхановтың (1973) «Өлеңмен қалдыр оңаша», Жадыра Шамұратованың (1979) «Бейуақта ашылған құпия», Асан-Темір Қаршығаұлының (1982) «Ауылдан келген қазақ», Сыйлыхан Жұмасалықтың (1988) «Қазақ өткен ғасырда», Абылайхан Мақсұтовтың (1995) «Торығу», Шерхан Талаптың (1993) «Бәйгеторы», Айбол Исламғалиевтің (1993) «Көктемгі идиллия», «Марлен Ғилымханның (1998) «Жусан» т.б. шығармаларының көркемдік әлемін саралау;
    4. Прозасы мен поэзиясы құстың қос қанатындай қатар дамыған маңғыстаулық ақын-жазушылар: Бектұр Төлеуғалиевтің (1940) «Адай тарихы сыр шертеді», Айтуар Өтегеновтің (1946-2021) «Адыраспан», Темір Мыңжастың (1952) «Бойтұмар», Үміт Жәлекенің (1964) «Белгісіз күйші», Рахат Қосбармақтың (1972) «Бекет ата», Сұлтанбек Құдайбергеннің (1978) «Каспийге сыр», Асылбек Жаңбырбайдың (1985) «Қазақтың көз жасы», Еділбек Дүйсеннің (1998) «Каспий. Қызыліңір» т.б. туындыларының көркемдік қуатын айқындау.

    Күтілетін нәтижелер:

    Ғылыми Жобаның алға қойған мақсат-міндетіне сай белгіленген 35 ай (2023-2025 жж.) мерзімі ішінде Жайық-Каспий өңірінің (Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) 37 (отыз жеті) ақын-жазушысының шығармашылық айдынына барлау жүргізіліп, әдеби өңір материалдарының маңыздылығы айқындалады. Өңір ақын-жазушыларының ізденістері әдебиеттің теориясы мен сыны аясында тексеріліп, қаламгерлердің шығармашылық зертханасына барлау жүргізіледі, нәтижесі ғылыми мақалалар түрінде жарияланады.

    Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының шығармаларын зерттеп-қарастыруда басты назар олардың туындыларының жанрлық-стильдік, идеялық-көркемдік, дәстүр және жаңашылдық ізденістеріне аударылып, зерттеледі.

    Ғылыми Жобаның мақсат-міндеттеріне сай Жайық-Каспий өңірінің ақын-жазушыларының әдеби мұрасын зерттеу жұмыстарының нәтижелері алу негізінен екі бағытта жүргізіледі:

    1. Өңірдің көркем әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып, соңына мол әдеби, рухани мұра қалдырған аға буын қаламгерлер шығармаларының көркемдік қуатын, поэтикалық ерекшеліктерін, жаңашылдық белгілерін зерделеу;
    2. Өңірдің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі яки қазіргі дәуір әдебиетінің жаңа буын өкілдерінің шығармашылық ізденістеріне барлау жүргізу, жас ақын-жазушылардың сөз өнеріне әкелген жаңалық нышандарын айқындау.

    Ғылыми Жобаның мақсат-міндеттерінің аясында зерттеулер қорытындысы бойынша межеленген уақыт (2023-2025 жж.) аралығында төмендегідей ізленіс нәтижелері алынады:

    1) «Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының әдеби мұрасы мен қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті» аталатын 2 (екі) кітаптан тұратын ұжымдық монографиялық зерттеу еңбек жазылады;

    2) Таңдаулы туындылардан сұрыпталған «Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық әлемі» аталатын 2 (екі) кітаптан тұратын оқу хрестоматиясы құрастырылады;

    3) Ғылыми Жоба аясында жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелері  Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index не болмаса Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала түрінде жарияланады;

    4) Ғылыми Жоба аясында жүргізілетін ізденіс нәтижелері ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда не болмаса рецензияланатын шетелдік ғылыми журналдарда 2 (екі) мақала және халықаралық, республикалық конференциялар жинағында 5 (бес) мақала түрінде жарияланады.

    5) Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдарын жалпы орта білім беретін мектептерде өтетін факультативтік сабақтарда, жоо-дағы филологиялық білім беретін факультеттерде «Қазіргі қазақ әдебиеті» элективтік курсында пайдалануға болады.

    Қол жеткізілген нәтижелер

    Зерттеу тобының мүшелері Жобаның зерттеу аясына сай Алматы, Астана, Атырау қалаларындағы ұлттық, республикалық, академиялық, облыстық кітапханаларда, кітап мұражайларында, сирек кітаптар мен қолжазбалар залында, Ресей Федерациясының Орынбор қаласының орталық Н.А. Некрасов атындағы, Х. Ямашев атындағы және Н.К. Крупская атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларында отырып жұмыстанды, деректер жинады.

    Жайық-Каспий өңірінің төрт облысының (Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау) ақын-жазушылары: Нәбиден Әбуталиевтің (1928-1997), Ізтай Мәмбетовтің (1929-1974), Ислам Шұғаевтың (1932-2001) шығармашылық әлемі зерттеліп, көркемдік қырлары айқындалды. Мақсұт Неталиевтің (1934-2015), Сағи Жиенбаевтың (1934-1994), Тобық Жармағамбетовтың (1934-1973) үздік туындыларына тақырыптық-идеялық талдау жүргізілді. Меңдекеш Сатыбалдиевтің (1937-1973), Марат Отаралиевтің (1938-1973), Есенжол Домбаевтың (1938-2015) шығармалары ғылыми тұрғыдан зерделенеді. Бектұр Төлеуғалиев (1940), Сәбит Баймолдин (1942-2000), Айтуар Өтегенов (1946-2021) шығармаларының көркемдік әлемі сараланды, үздік туындылары жинақталды.

    Ізденіс нәтижелері болашақта жарық көретін «Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының әдеби мұрасы мен қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті» аталатын 2 (екі) кітаптан тұратын ұжымдық монографиялық зерттеу еңбек тарауларына салынып, даярланды. Ақын-жазушылардың таңдаулы туындылары келешекте баспа бетін көретін «Жайық-Каспий өңірі ақын-жазушыларының шығармашылық әлемі» аталатын 2 (екі) кітаптан тұратын оқу хрестоматиясына даярланып, сұрыпталды.

    Жоба аясында жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелері Web of Science базасының Social Science Citation Index не болмаса Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала түрінде жариялануға ұсынылды.

    Ізденіс нәтижелері ҒЖБССҚК ұсынған отандық журналдарда 1 (бір) мақала және халықаралық конференциялар жинағында 2 (екі) мақала түрінде жарияланды.

    Зерттеу тобы

    1. Мутиев Зинулла Жаксылыкович – жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. ORCID: 0000-0003-4121-4171, Scopus Author ID: 57205246447 :Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    2. Бейсенова Гулшара Абдибековна – жетекші ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты. ORCID: 0000-0002-4873-4674 : Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    3. Ажгалиев Марат Кайржанович – жетекші ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты. Scopus Author ID: 57192557566 Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    4. Акбулатов Айдарбек Ахметович – жетекші ғылыми қызметкер, PhD философия докторы. Scopus Author ID: 57192573035 Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    5. Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы – аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі. ORCID: 0000-0002-7226-7746 : Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    6. Ешниязова Мерует Жеткербаевна – аға ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының магистрі. Email.: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Ғылыми жарияланымдар:

    1. Мутиев З.Ж., Бейсенова Г.А., Мұханбетова Ж.Ө. Жайық-Каспий өңірі әдебиеті: жанрлық даму өрісі (мысалшы ақын А.Сарқұлов шығармаларының ерекшелігі). Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті Хабаршысы. Филология сериясы. №3 (191), 2023. – 136-147 бб.
    2. Мутиев З.Ж., Мұханбетова Ж.Ө., Айдыналиева Э.М. Нәбиден Әбуталиев шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері, көркемдік өрімі. Publisher.agency: Proceedings of the 3rd International Scientific Conference «Interdisciplinary Science Studies». – Dublin, Ireland, 2023. – 114-120 бб.
    3. Мутиев З.Ж., Ажгалиев М.К., Мұханбетова Ж.Ө. Сөз сыры мен сөз сарасының шебері (Меңдекеш Сатыбалдиев қаламгерлігі хақында). Инновационные подходы в современной науке. сб. ст. по материалам CLII междунар. науч.-практ. конф. – № 20 (152). – М., Изд. «Интернаука», 2023. – 142 с. (С.129-135) ISSN 2587-8603.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз