"Ақиқат"
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуы, оның адамгершілік, интеллектуалдық әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін, саяси, құқықтық және рухани мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау үшін әлеуметтік-экономикалық және басқа жағдайларды жасауға қатысуы.
«Ақиқат» пікірталас орталығы бүгінгі таңдағы оқушылар мен студенттердің бір арнаға тоғыстырған диаглогтік алаң болып табылады. Талқыланатын тақырыптар бүгінгі де маңызды, студент жастар арасында қызығушылық туғызады. Ақиқаттықтар «Қазіргі Қазақстан жастарының алдағы мақсаты қандай?», «Қазақстан 2050» бағдарламасына жастардың қосар үлесі қаншалықты?», «Дін және жастар» сияқты сұрақтарға жауап іздейді. «Ақиқат» пікір-талас орталығы қазіргі таңда облыстағы жоғары, арнаулы оқу орындары мен қатар мектептермен белсенді түрде бірлесе жұмыстар атқарып жүр. «Ақиқат» пікірталас орталығының жүргізген зерттеуі бойынша дәл осындай үлгідегі жұмыс студент жастардың ойлау қабілетін арттырады, ұтымды және шешен сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
"Жас экономист"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасау.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тіліне құрметті қалыптастыру.
"Жас Отан"
«Жас Отан» ЖҚ – бұл мемлекетте жастардың жағдайын жақсартудағы практикалық қадамдарды жүзеге асыру, және еліміздің әлеуметтік – экономикалық міндеттерін шешуде жастарды жұмылдыру орталығы.
Негізгі мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының жастарын жан-жақты дамыту үшін әлеуметтік – экономикалық, саяси жағдай жасау;
- Оның рухани – адамгершілік, дене шынықтыру және интеллектуалдық әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін және экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру.
Негізгі міндеттері:
- ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда көмек көрсету;
- Жастардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа құқықтарын қорғау ісіне қатысу;
- Жастардың бойында Қазақстанға деген патриоттық сезім мен азаматтық көзқарасқа деген жауапкершілікті, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
"Жаңғыру жолы"
«Единомыслие создает дружбу». Эти слова Демокрита можно смело поставить эпиграфом к цели создания студенческого клуба «Жаңғыру жолы» ЗКУ имени М.Утемисова. Студенческий клуб «Жаңғыру жолы» был создан в университете 1 сентября 2006 года, но он назывался «Достық». В 2018 году было принято решение переименовать клуб в «Жаңғыру жолы».
На территории нашей республики проживают около 130 различных национальностей. Культура, обычаи, передающиеся из поколения в поколение, отражают духовную жизнь, историю и сущность каждого народа, открывают перед нами целую кладезь неповторимых традиций. Созданный молодежный клуб «Жаңғыру жолы» своей первостепенной целью считает воспитание казахстанского патриотизма молодежи. Согласие и мир в нашем доме зависят от нас молодых, которым доверено будущее страны. В нашей стране образование могут получить все, независимо от разреза глаз и цвета кожи. В единстве наша сила, в взаимопонимании всех казахстанцев.
Жартыны бөліп жеген – татулықтың белгісі. Дәл осы мақал М.Өтемісов атындағы БҚУ жанында құрылған «Жаңғыру жолы» студенттік клубының алғы сөзі бола алады. «Жаңғыру жолы» студенттік клубы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс жасап келеді. 2018 жылға дейін клуб «Достық» деп аталды.
Кең байтақ қазақ даласында 130–дан астам түрлі ұлт өкілдері татулық пен бірлікте бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт–дәстүрлер мен мәдениет – әр ұлттың рухани өмірі мен тарихынан сыр шертіп, оның қайталанбас болмысын анықтайды. «Жаңғыру жолы» студенттік клубының негізгі мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге, шыдамдылыққа, достыққа тәрбиелеу. Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім мемлекеттің болашағы болып табылатын озық ойлы жастарға байланысты. Елімізде өмір сүріп жатқан кез-келген азамат нәсіліне, сеніміне қарамастан баршамен бірдей тең дәрежеде білім алуға құқылы.
«Жаңғыру жолы» студенттік клубы құрылған кезінен көптеген шараларды жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, ұлтаралық келісім мен студенттер достығын насихаттауға арналған қызықты кездесулер, кештер, байқаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттік бағдарламалар мен фестивальдер. Апта сайын клубтың отырысы өткізіледі. Клуб мүшелері факультет, университет және облыстық деңгейдегі түрлі шараларды өткізіп қана қоймай, өзге де мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен, жастар қоғамдық бірлестіктерімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс атқаруда. Олар: университеттің «Халықаралық көптілде білім беруді дамыту орталығы», Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО филиалы, ҚХА Жастар қанаты, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы, БҚО Жастар қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігі және т.б.. Оқу жылына арнайы бекітілген «Жаңғыру жолы» клубының жоспарының негізінде аталған бағыттардағы іс – шаралар ұйымдастырылып, университеттегі және қала мен облыстағы ынтымақ пен татулық саясаты жүзеге асырылуда.
Айта кететін жайт, 2015 жыл Елбасы шешімімен ҚХА жылы деп бекітілген болатын.Осы орайда М.Өтемісов атындағы БҚУ «Жаңғыру жолы» студенттік клубы облыс жастарының, қоғамдық бірлестіктердің, ЖОО – ң ұйымдастыруымен өткізілген барлық шараларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындар, алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.
«Жаңғыру жолы» студенттік клубы – белсенділік мен адалдыққа жаны құмар, әркез достық қолын ұсынуға ынталы жалынды да жігерлі жастар тобы.
Біздің қатарымызға қосыл!
Волонтерская деятельность
СТУДЕНТТЕРДІҢ ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2012 жылдың 14 ақпанында БҚУ-дың волонтерлар тобы құрылды, оның құрамына университеттің түрлі мамандықтарында оқитын студенттер кірді.
Волонтерлар тобының мақсаты:
- болашақ мамандардың әлеуметтік, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде қоғамның пайдасына ерікті еңбек идеяларын алға жылжыту арқылы жоғары адамгершілік қасиеттерді дамыту (әлеуметтік, экологиялық, гуманитарлық, мәдени, білім беру, білім беру және басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу арқылы).
"Қыз Жібек"
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқық шарттарына, Білім және ғылым министрлігінің мерекелік жоспарларына сәйкес, «Білім туралы Заңмен», тәрбие Концепциясымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңымен, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарымен, жастар саясаты және тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен қызмет ету, Елбасы Н.А.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру. Бірізді жүйемен жұмыстану.
Университет жанынан құрылған «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты жоспары жасақталып, бекітілді. Соған байланысты ұйым мүшелері факультеттерді аралап, «Қыз Жібек» қоғамдық тәрбие институты жоспары жасақталып таныстыру өткізілді.
АСК
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» (әрі қарай – ҚСА) Республикалық студенттер қозғалысының басты мақсаты – ҚСА-ның қоғамдық белгілілігін студент жастарының құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құру.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:
- Еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
- Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру.
- Студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру.
- Студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру.
- Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- Ұйымнның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру.