СТУДЕНТТЕРГЕ

    «Жаңғыру жолы» студенттік клубы

    Жартыны бөліп жеген – татулықтың белгісі. Дәл осы мақал М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанында құрылған «Жаңғыру жолы» студенттік клубының алғы сөзі бола алады. «Жаңғыру жолы» студенттік клубы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс жасап келеді. 2018 жылға дейін клуб «Достық» деп аталды.

    Кең байтақ қазақ даласында 130–дан астам түрлі ұлт өкілдері татулық пен бірлікте бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт–дәстүрлер мен мәдениет – әр ұлттың рухани өмірі мен тарихынан сыр шертіп, оның қайталанбас болмысын анықтайды. «Жаңғыру жолы» студенттік клубының негізгі мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге, шыдамдылыққа, достыққа тәрбиелеу. Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім мемлекеттің болашағы болып табылатын озық ойлы жастарға байланысты. Елімізде өмір сүріп жатқан кез-келген азамат нәсіліне, сеніміне қарамастан баршамен бірдей тең дәрежеде білім алуға құқылы.

    «Жаңғыру жолы» студенттік клубы құрылған кезінен көптеген шараларды жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, ұлтаралық келісім мен студенттер достығын насихаттауға арналған қызықты кездесулер, кештер, байқаулар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттік бағдарламалар мен фестивальдер. Апта сайын клубтың отырысы өткізіледі. Клуб мүшелері факультет, университет және облыстық деңгейдегі түрлі шараларды өткізіп қана қоймай, өзге де мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен, жастар қоғамдық бірлестіктерімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс атқаруда. Олар: университеттің «Халықаралық көптілде білім беруді дамыту орталығы», Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО филиалы, ҚХА Жастар қанаты, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы, БҚО Жастар қауымдастығы Заңды тұлғалар бірлестігі және т.б.. Оқу жылына арнайы бекітілген «Жаңғыру жолы» клубының жоспарының негізінде аталған бағыттардағы іс – шаралар ұйымдастырылып, университеттегі және қала мен облыстағы ынтымақ пен татулық саясаты жүзеге асырылуда.

    Айта кететін жайт, 2015 жыл Елбасы шешімімен ҚХА жылы деп бекітілген болатын.Осы орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Жаңғыру жолы» студенттік клубы облыс жастарының, қоғамдық бірлестіктердің, ЖОО – ң ұйымдастыруымен өткізілген барлық шараларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындар, алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.

    «Жаңғыру жолы» студенттік клубы – белсенділік мен адалдыққа жаны құмар, әркез достық қолын ұсынуға ынталы жалынды да жігерлі жастар тобы.

    Біздің қатарымызға қосыл!

    Лукпанова Айгерим
    Лукпанова АйгеримН.Ә.Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, р«Жаңғыру жолы» студенттік клубының төрайымы (2018 - 2019 жж.)
    Жумабаева Сулушаш
    Жумабаева Сулушашфилология факультетінің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті
    Калыкова Гулдана
    Калыкова Гулданафилология факультетінің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті
    Талапова Асель
    Талапова Асельфилология факультетінің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті
    Акмурзаева Аягоз
    Акмурзаева Аягоз филология факультетінің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті
    Убишева Гулжихан
    Убишева Гулжиханфилология факультетінің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті
    Максотов Мухаммед-Али
    Максотов Мухаммед-Алифилология факультетінің «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз