СТУДЕНТТЕРГЕ

    БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНЕ ЖАДЫНАМА

     

    Құрметті бірінші курс студенті!

    Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне қош келдіңіз!

    Студенттік өмір – бұл, ең алдымен, оқу, сондықтан студенттің басты мақсаты  – білім алу, құзыреттілікті қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрену екенін ұмытпаңыз.

    Өзіңізді тек оқу сабақтарымен шектемей, көбірек білу мен үйренуге тырысыңыз, студенттік ғылыми-зерттеу жұмысына, университеттің мәдени-қоғамдық өміріне қатысыңыз. Алға ұмтылудан қорықпа, саған әрдайым студент-достарың көмекке келеді, ал эдвайзер, куратор, оқытушылар, сондай-ақ білім беру бағдарламалары/кафедралар , факультет пен университет басшылығы ақыл-кеңесімен және ісімен көмектеседі.

    Сізге аймақ пен елдің дамуында маңызды рөл атқарған ғасырға жуық тарихы бар оқу орнының бір бөлігі болу мәртебесі берілді және бұл оқиға сізге ерекше жауапкершілік жүктейді және сіздің алдыңызда зор мүмкіндіктер ашады.

    Әр оқу жылы екі семестрден тұрады, әрбір семестр теориялық оқудың 15 аптасынан (кесте бойынша сабақтар, БОӨЖ (білім алушының оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы), БӨЖ (білім алушының өзіндік жұмысы)) тұрады. Әр семестрдің соңында аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) өткізіледі. Сондай-ақ бекітілген академиялық күнтізбеге (оқу үрдісінің кестесіне) сәйкес түрлі оқу, кәсіби сарамандар өткізіледі.

    Университеттегі оқу сабақтарының түрлерін дәрісханадағы және дәрісханадан тыс деп бөлуге болады. Дәрісханадағы сабақтарға мыналар жатады: дәріс, зертханалық жұмыс, практикалық және семинар сабақтары, кеңестер, емтихандар. Дәрісханадан тыс жұмыстарға студенттер сабақтан тыс уақытта, кестеден тыс, бірақ оқытушылардың кеңес беруімен орындайтын жұмыс түрлерін жатқызуға болады: БОӨЖ, зертханалық, практикалық, семинар сабақтарға дайындық, курстық жобалар, стартаптар және т.б

    Оқытудың ерекшелігі – үнемі өз бетінше жұмыстанудың қажеттілігі. Өкінішке орай, бірінші курс студенттерінің барлығы бірдей уақытты дұрыс жоспарлап, сабақ орнын ұйымдастырып, кез-келген ішкі психологиялық мәселелер мен кедергілерді жеңе алмайды. Жұмыс уақыты мен демалысты нақты жоспарлау өзіндік жұмыстың сәттігі үшін қажетті шарт болып табылады. Ол үшін семестрде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламаларымен (Syllabus) (тиісті кафедраларда, оқытушыларда бар), ЖОЖ (жеке оқу жоспары) және сабақ кестесімен (университет сайтында https://wku.edu.kz/kz) танысып зерделеу ұсынылады

    ЖОО-дағы оқу үрдісі кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылады (кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру).

    5 қыркүйекке дейін білім беру бағдарламасы мен элективті пәндер каталогы (ЭПК) негізінде эдвайзердің көмегімен өзіңіздің ЖОЖ (оқыту траекториясын таңдау, білім алушыларды тіркеу тәртібі) жасауыңыз қажет.

    Оқу тапсырмаларының барлық түрлері бойынша сіздің оқу жетістіктеріңіз бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесімен бағаланады (Оқу жетістіктерін бақылауды ұйымдастырып жүргізу қағидалары, Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау).

    Университеттің барлық оқу ғимараттарында өткізу жүйесі жұмыс жасайды, сізге өткізу картасын алу қажет (картаны алуды деканат ұйымдастырады).

    Біздің  университеттің әр   студенті  университет,факультет басшыларын, қызметтер мен бөлім жетекшілерін білуі керек (https://wku.edu.kz/kk/rukovodstvo-vuza ).

    Студенттің өмірі қаншалықты бейқам әрі көңілді болып көрінсе де, біздің барлығымыздың М. Өтемісов атындағы БҚУ студенттерінің мінез- құлық ережелерінде егжей-тегжейлі       жазылған (https://wku.edu.kz/kk/zhizn- zkgu/vospitatelnaya-rabota3/pravila-povedeniya-studentov-zku) құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар. Барлық оқу мерзімінде оларды сақтау қажет.

    Білім беру қызметін жоспарлау және басқарудың барлық ережелері мен рәсімдері М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың академиялық саясатында (https://wku.edu.kz/images/dokumenty/1-smk-kz.pdf ) көрсетілген.

    Дәрісханадағы және дәрісханадан тыс сабақтардың барлық түрлеріне дайындалу үшін сізге оқу әдебиетін алу қажет. Кітапхана бөлімдерінің жұмыс тәртібі туралы ақпаратты университет сайтынан http://library.wku.edu.kz/index.php?lang=kz қарауға болады.

    Студенттік өмір тек қана сабақ пен емтихандарды жаттап дайындалудан ғана тұрмайды, сабақтан тыс қызметтің де көптеген бағыттары бар, бұл түрлі спорттық - көркемдік секциялар, клубтар, бірлестіктер, үйірмелер, еріктілер қызметі және т.б. (ақпарат университет сайтындағы "Студенттерге" парақшасында, сондай-ақ толық     ақпаратты өз деканатыңыздан ала аласыз).

    Құрметті студент! М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде оқу сіздің алдыңызда көптеген мүмкіндіктер ашады. Мұнда өткізген жылдар сіздің болашақ табысыңызға негіз болсын. Алда сізде қызықты және толыққанды болашаққа бастар жол бар және ол сәтті болсын! Оқуда және өмірде сәттілік!

     

    АҚ ЖОЛ, БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ!

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз