Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер: Елеусінов Талғат Маратұлы
Негізгі функциялары: «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ-да Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.
Құқықтары мен міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
- мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексінің сақталуын бақылау;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық және/немесе оларға қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
- олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
- сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері жөніндегі басқа да ішкі саясат пен рәсімдерді бұзу фактілері бойынша жүгінген тұлғалардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқытушыларды, қызметкерлерді, білім алушыларды қабылдау кестесі:
- күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
- Мекен-жайы: ҚР, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 162, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 8 корпус 104 кабинет.
Байланыстар үшін:
Сенім телефоны: 8 705 234 66 10
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.