СТУДЕНТТЕРГЕ

    «М.Өтемісов атындағы БҚУ» КЕАҚ бос лауазымға байқау жариялайды

    Басқарма аппаратының жетекшісі

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    1. Жоғары экономикалық білімі, 10 жылдан кем емес әкімшілік лауазымдардағы, оның ішінде 3 жылдан кем емес құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп саласындағы еңбек өтілі;
    2. Сәулет және құрылыс саласындағы нормативті құжаттамаға талдау жасауда жұмыс дағдысының болуы;
    3. Есептеулерді, ақаулы актілерін сауатты жасауға, жұмыс жобасына енгізілген көрсеткіштердің дұрыстығын және олардың арақатынасын тексеруге қатысуы;
    4. Сараптама жүргізу үшін жобалық шешімдерді келісу, сараптамадан өту мен сапалы жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) қамтамасыз ету мақсатында қорытынды алуы;
    5. Нысандардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып бақылауы;
    6. Құрылыс жұмыстарының кестелерін алдын ала әзірлеу; мердігерлердің өндірістік үдерістерін үйлестіру, жобаның барлық бөліктерін байланыстыру жұмысын бақылау, жобалау шешімдерін сүйемелдеу мен келісу және жобалау-жоспарлау құжаттамасының толықтығын қамтамасыз етуі;
    7. Ұзақ құрылыс жағдайларында жобалау қызметін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жобалардың немесе олар бекітілгеннен кейін ескірген жекелеген жобалау шешімдерінің қайта қаралуын бақылауы;
    8. Нысандарды, оның ішінде инженерлік желілерді салу, күрделі жөндеу мен пайдалану мәселелері жөнінде іскерлік хат алмасуды жүргізуі;
    9. Ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; қызметкерлердің бірінші басшының бұйрықтары мен тапсырмаларын, басқарма аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өз қызметін үздіксіз және тиімді орындауына жалпы бақылау жүргізу тәжірибесінің болуы;
    10. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуі;
    11. Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында біліктілік арттырудан өткені жөнінде сертификаттары;
    12. е-құжат айналымының жұмысын ұйымдастыруы;
    13. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын білуі.

    Конкурсқа қатысу үшін  мына құжаттарды тапсыру қажет:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2. Жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

    3. Түйіндеме;

    4. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі,  ғылыми дәрежесі туралы құжаттары мен біліктілік куәліктерінің  көшірмесі;

    5. Еңбек жолын растайтын құжатының көшірмесі;

    6. Алдын ала дәрігерлік тексеруден өткенін куәландыратын құжат.

     

    Бос лауазым орындарына конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік  күн, 2022 жылдың 21 қарашасына дейін.

     

    Құжаттарды мына мекен-жайға жіберуге және жолығуға болады:

    090000 Орал қ-сы, Н.Назарбаев даңғылы 162, «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ, бас ғимарат, әкімшілік бөлім  №108 кабинет (8-711-2) 50 - 86 -11, электронды пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз