Салауатты өмір салтын және дене шынықтыруды дамыту ортаығы

    1

    Жетекші Салов Владимир Юрьевич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

    Мақсаты. Салауатты өмір салты және дене шынықтыруды дамыту орталығының мақсаты ғылыми- зерттеме  бағдарламалар және әдістемелер  көпшілік студентердің  деңсаулығын нығайтуда,және  бұқаралық  спорт популяризациясын  (жоғарғы спорт табыстарды қоса отыра ) насихаттау және дамыту болып табылады. 

    Миссия. студент жастардың арасында салауатты өмір салтын және   дене шынықтыруды  насихаттауды ұйымдастыру.

    Міндеті:  ЖОО-дағы  дене шынықтыру және спорттың дамуы;

    - дене шынықтыру және спорт сабақтарына  арналған инфрақұрылымдады дамыту  бойынша  өткізілген шараларды студенттердің бағалауының мониторингін жүзеге асыру. - мониторинг 

    -  орталықтың ғылыми  және әдістемелік әзірлемелерін студенттермен областың сұранысы сай бейімдеу және қажет болған  жағдайда оларды түзету мүмкіндіктері; 

    - спорттық жаттығудың өзіндік инновациялық спорттық жаттығулар әдістерін әзірлеу,негізделген спорттық сұраптау, кәсіби  бағдар беруді арқылы және келесідей бағыттар:

    жекпе-жек ( күрес,бокс, ауыр атлетика);

    спорттық ойындар ( волейбол,футбол, хоккей)

    спорттық цикідік түрлері (шаңғы,ескек есу спорты,велоспорт, жеңіл атлетика )  бойынша университет жанынан өзіндік  БЖӨСМ құру  есебінен студенттік спортты дамыту.

    2015 – 2017 жылдарға және 2020 ж кезеңге дейін арналған бұқаралық спорт, жоғары дәрежелі спортты дамыту және салауатты өмір сүру салтын насихаттау бағдарламасы.

     

    Қоғам салауаттылығының  маңызды көрсеткіші және де мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің факторы – адам денсаулығы болып табылады. 

    Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" 2010 ж Қазақстан халқына жолдауы да көрсетілгендей: Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.

    Ресми статистикалық мәліметтер бойынша мектептегі оқу кезінде  1-8 сынып бойынша дені сау балалар саны 3-4 есеге төмендейді, ал, оқудың аяғында түлектердің 84-88% денсаулықтарында әртүрлі ауытқушылықтар болады. Шылым шегушілердің, есірткі заттарын қолданушылар саны артады. Бұл дегеніміз, әлеуметтік – экономикалық мәселелерге байланысты емес (жастардың 68-70%-ы, душар болған және қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан), шамасы, жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмаумен байланыстыруға болады. 

    Қазіргі уақытта жастардың 11-13%-ы (жалпы ТМД елдері бойынша), дене шынықтуры және спортпен үнемі шұғылданады, сонда экономикалық дамыған әлемдегі елдерде бұл  қоғам дамуының бірден – бір маңызды көрсеткіші және де 60-70%-ы құрайды. 

    Осы облыста үнемі өткізілетін медико-биологиялық зерттеулердің нәтижелері былай деп куәлендіріп отыр: мектеп оқушыларының апталық қозғалыс белсенділігінің көлімі 8-12 сағатты құрайды (яғни, егерде дене шынықтырудың 3 сабағын өткізген жағдайда да, бұл жүктемелер оған жеткіліксіз). 

    Бұл жағдайдан шығудың бір амалы – қосымша дене шынықтыру және спорт сабақтарын ұйымдастыру керек. Жұмасына 3 рет 2 сағаттан кем емес спорт секцияларына бөлінетін төлем ақы мәселелерін қарастыру қажет. 

    Бұл жағдайларда қалыптасқан жағдайларды түзету үшін жақын арадғы үш жылда төмендегідей шараларды өткізу мақсатты және қажет деп есептейміз: 

    1. Халықтың әртүрлі категориялары арасында мынандай жолдарымен: салауатты өмір сүру салтын және бұқаралық спортты дамыту бойынша негізгі білімді насихаттау бойынша үгіттеу – насихаттау және ағартушылық жұмыстарын күшейту:

    - Көрсетілген мәселелер бойынша студенттік жастар және ЖАСМ қатысушылары, орта және жоғары сынып оқушылары үшін электронды оқулық әдістемелік кешенді дайындау, басып шығару және тарату.

    - Облыстық білім беру басқармасы, дене шынықтыру және спорт базасында, салауатты өмір сүруді насихаттау бойынша тәжірибелік нұсқауларымен, электронды форматтағы әдістемелік материалдарын, спорттық жаттықтырушы және жарысты өткізу әдістемесімен қамтамасыз ете отырып, спорт бойынша нұсқаушыларды қайтадан дайындаудың қысқа мерзімді (екі апталық) курстарын өткізу.

    - Онлайн режимінде халықтың әртүрлі категориялары үшін облыстық жоо-ның аға оқытушыларының дәріс беру жұмыстарын және аймақтық электрондық және баспа БАҚ-да олардың сөз сөйлеуін ұйымдастыру.

    2. Мектепке дейінгі ұйымдар, 1-11 сынып оқушылары, орта, техникалық, кәсіби мектептің білім алушылары, жоғары оқу орнының студенттері үшін үздіксіз дене шынықтыру жүйесі бойынша, дене шынықтыру бойынша оқу әдістемелік кешенді дайындау, басып шығару және тарату.

    3. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіріп, спорттық құрал жабдықтарды төмендегі көрсетілген тізімдер бойынша толығымен қамтамасыз ету: жыл сайын 1 қатысушыға 1 мың теңге есебінен. «әрбір адамды» қамтамасыз ету есебне сәйкес 3,1 млн адамды қамту.

    Анықтама.

    Елбасының тапсырмасы бойынша «2020ж отандастарымыздың 30%-ға жуығы жүйелі спротпен шұғылдануға  тартылуы керек», ол 5,4 млн-ға жуық адамды құрайды, олардың 3,1 млн  мектепке дейінгі ұймның және елдің жастарын құрайды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз